«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсімі өтті.

14.02.2012

Көрулер: 1303

Тұсаукесерге ҚазҰУ ұстаздары мен оқытушы-профессорлары, Ғылыми кітапханасының ұжымы және студенттер қатысты.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдеріне қысқаша шолу барысында арнайы тақырыптармен, тарих факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызметі және халықаралық байланысы жөніндегі орынбасары Арман Қабдешұлы Жұмаділ, ғасырлар тоғысында, мыңжылдықтардың арасында тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерімізбен, кемелді саясаткеріміз, тұңғыш елбасымыздың қажырлы еңбегіне тоқтала келе атақты тарихшы Герадоттың «ат үстінде шауып келе жатып, садақ ататын, шындықты бетке айтатын» деп мінездеме берген сақтардың ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек екенін атап өтті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбекұлы Омарбеков «Елбасының» тарихи тұлға ретінде тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде елімізді бүкіл әлем таныған мемлекет ретінде атап өтті. «Ел басқарған көшбасшымыздың еңбектерін, саяси көзқарасын зерттемей, ол кісінің еңбектерін жинақтамай жаңа Қазақстанның тарихын зерделей алмаймыз. Сондықтан осы көрсеткіштің жас ұрпақ, келешек буын үшін Қазақстан тарихын зерттеу жұмыстарында көп көмегі тиеді»- дейді ғалым. Белгілі журналист, Халқымыздың ардақты ұлдары Д.А.Қонаев пен Елбасымыз Н.Назарбаевтан бірнеше мәрте сұхбат алған университетіміздің оқытушы - профессоры Құдайберген Тұрсын, Елбасының нағыз сұңғыла, жаңа көзқарасты саясаткер ретінде билік пен даңқ тұғырына көтерілген қиын да қия жолын атап өтті. Ғылыми кітапхананың анықтамалық ақпарат және көпшілікпен жұмыс жүргізу бөлімінің меңгерушісі Әмина Жұмағазықызы Скатова, әдістемелік секторының меңгерушісі Шынар Аукенқызы Бигалиева «Ел басқарған көшбасшымыздың» еңбектері, саяси көзқарастары жайында сөйледі.

Қазіргі таңда Қазақстан айтарлықтай экономикалық, әлеуметтік, адами, интеллектуалдық және саяси потенциалы бар тәуелсіздік алғалы бері қоғамда демократиялық өзгерістерді жоғары дәрежеде іске асырған, қарқынды дамып келе жатқан мемелекет ретінде әлемге танылуда. Сонымен бірге, республиканың жетістіктерін сарапшылар «Назарбаев факторымен» байланыстыруы әбден орынды. Қазақстанның жаңа дамуының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалыптастырып, интеграциялық әрекеттестік тұжырымдамасын жүзеге асыруға ең алдымен кіріскен біздің мемлекетіміздің Президенті болып танылады. Бұл тұжырымдаманың мәні парасатты да үйлесімді экономикалық және саяси жаңару жүргізу.

Бұл нұсқаулық тәуелсіздік тарихындағы басты көрсеткіш, тарих үшін асыл қазына екендігін тілге тиек етті. Бұл пікірге қосылған тарихшы Арман Қабдешұлы нұсқаулықты: «Әр кезеңнің төл тарихын жазуда мәліметтер алу үшін үлкен дерек көзі болып табылады», - дейді.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» биобиблиографиялық нұсқаулығы ғылыми қызметкерлерге, саясаттанушыларға, жоғары және орта білім беру орындарының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерге және қалың оқырман қауымға арналған.

Ғылыми кітапхананың директоры Г.М. Мұсағалиеваның ұйымдастырушылығымен өткен «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсіміне қатысқан ұстаздармен, оқытушы профессорлар, студенттер қауымы Ғылыми кітапхананың директорына, осы ұжымның қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.