Концерт "Bleutooth club"

18.02.2012

Көрулер: 920

«Bluetooth ҚазҰУ»-дың бағындырар белесі әлі алда

Нақтырақ айтқанда «Bluetooth » ойын – сауық орталығының құрылғанына да 28-ші ақпанда екі жыл болмақ. Жалпы «Студенттер сенатының» жанынан құрылған «Bluetooth» ойын – сауық орталығының талантты, жалынды жастардың өнер ордасына қадам басар шығармашылығы.

Жалпы аталған орталықтың қысқаша тарихына тоқтала кетсем, 2010-шы жылы 28-ақпанда ең алғашқы шығармашылық кеші аталып өтті. Бұл орталықты ұйымдастыруға негіз болған университеттік студенттер сенатының төрағасы Кушенов Асфендияр, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға жауапты – Ишангалиева Сауле, кештің жүргізілуі мен көтеріңкі көңіл күйде өтілуіне жауапты болған – Галиев Камиль және Байбосын Дастан сынды талантты да дарынды, жалынды жастардың бастамасымен ашылған орталық.

Осы орталықты алғаш болып жауапкершілікпен химия факультетінің студенті Темірзахқызы Ақмарал өз қолына алған. Бұл орталықтың бір ерекшелігі, барлық қатысуға ынта білдірушілер - клуб мүшелері бола алады: ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары және басқа оқу орындарының студенттері де.

Мұндағы “Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығының ойлары мен райының негіздері:

• Көтеріңкі көңіл-күй;

• Демалыс;

• Позитив;

• Жаңа-жора жолдастарды табу болып табылады.

ҚазҰУ студенттерінің көңілінен шыға білген бұл орталықтың бағындырар қамалы, алар асуы әлі алда. Осы уақытқа дейін орталықтың төрайымы болып келген Темірзахқызы Ақмарал бірнеше шығармашылық концерттер мен ҚазҰУ студенттеріне тамаша әзіл мен көтеріңкі көңіл күй сыйлап келген орталықтың мүшелері аянбай, ізденіс үстінде жүрді.

Қазіргі таңда бұл орталықтың төрағасы тарих, археология және этнология факультетінің студенті Бердалы Ерман өз жауапкершілігімен қолына алып келеді. Кеше ғана төраға болып келген жігіттің алғашқы концертті жалынды жастарды жинап 18-ақпанның жұлдызында көңіл толарлықтай әрі таң қаларлықтай өткізгені өзімізге аян.

Ең алғашқы осы орталықтың ұйымдастырушылары кештің қадірлі де ардагер қонағы болып келіп отырды. Студенттер Сенатының төрағасы Абдикадиров Нұрланның өзі кешті ашып беріп, жас жігіттердің үлкен бастамасына Студенттер Сенатының белгі таңбасы салынған шоколадынан шашу тарту етті.

Әрине мұның бәрі тек жалғыз жанның емес бірлікпен ұйымшылдықтың бастауымен ұйымдастырылған іс-шара болатын. Кештің бір ерекше болған сәті 14-гитаристтен құралған «Bluetooth» жастары және әннің авторы әрі орталықтың ардагері ретінде 15-ші болып Байбосын Дастанды құрметпен ортаға шығарып алғашқы рекордты жаңарта білді. Мұнымен қоймай осы әнді заманауи үлгіде төраға Бердалы Ерман және «Акриты» тобымен бірге қосыла шырқағанда, кештің соңында Ардагер ұйымдастырушылардың және ҚазҰУ студенттерінің ерекше ықыласына және орындарынан тұрып үздіксіз қолшапалақтау құрметіне ие болды.

Дарынды жастардың бойларындағы талантары мұнымен қоймай, ерекше жанрларды да ұсына білді. Мысалға айтсақ «Саз сырнайда» ойнаулары, «Цирк» көрсетілімдері, «Элит kz» және алғашқы ойындарын көрсеткен «Bluetooth» ктк командалары көрермендердің ерекше ықыласына ие болды.

Кеш соңында Ишангалиева Сауле және Байбосын Дастан құттықтау сөзін сөйлеп, жалынды жастарды жігерлеріне жоғары баға беріп, таңқалғандықтарын ашық жеткізді. Ал, Дастанға келсек орталықтың салты бойынша қонақ кәдесін орындап, әнді заманауи көркемдеткені үшін рахметін білдірді.

Бір қызығы жалпы «Сенат» жігіттері орталық төрағасы Бердалы Ерманды қошемет құрметпен аспанға лақтырып, ризашылықтарын білдірді.

Студенттер сенатының жанынан құралған «Bluetooth» орталығының төраға орынбасары: Жолдасов Аян