8 ақпанда ҚазҰУ-де Иран Ислам Республикасының делегациясымен кездесу өтті

08.02.2012

Көрулер: 1149

8 ақпанда ҚазҰУ-дің студенттер мен оқытушылар құрамы Иран Ислам Республикасының делегациясымен кездесіп, ұлттық аспаптар ансамблінің концертін тамашалады. Бұл қос шара Ирандағы ислам революциясы жеңісінің 24 жылдығына арналды. Бұл тарихи дата, оның мақсаты және елдің революциядан кейінгі жетістіктері туралы Иранның аса ірі, беделді университеттерінің бірі Азади университетінің бірінші проректоры, профессор Мазахири атап өтті. Ол сөзінің барысында Ираннның ғылым, өнеркәсіп және білім беру саласындағы тамаша жетістіктерін айтып берді. Иран делегациясын ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М. Буркітбаев қабылдап, біздің университеттің шығыстану факультеті парсы бөлімімен ұдайы тығыз әріптестік қатынастары үшін ИИР-дің елшілігі мен мәдени өкілдігіне алғыс білдірді. Екі жақты қатынастардың одан әрі дамуы үшін бірнеше келісімдерге қол жеткізілді.