Университетте «Алатау» футбол клубы құрылды

20.02.2012

Көрулер: 545

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Алатау» футбол клубы құрылды. Спорт клуб «Алатау» футбол клубы туралы арнайы ереже қабылдады.

Құрамында футбол клубының басқарушыларын бекітті: футбол клубының құрметті Президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры - Мұхамбетқали Бүркітбаев, футбол кллубының басқарушыларының төрағасы, дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы - Семен Палагутин, Басқарушылар төрағасының орынбасарлары: жарыстарды өткізу бойынша төраға орынбасары, дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы - Олжабек Андарбаев, қоғаммен байланыс жөніндегі төраға орынбасары, дене шынықтыру және спорт кафедрасының ассистенті - Сәкен Шәкен, «Алатау» футбол клубының хатшысы, дене шынықтыру және спорт кафедрасының ассистенті – Ерлан Үсейін.

Қазіргі таңда футбол клубының басшылығы футболдан өткізілетін іс-шаралардың күнтізбелік жоспары мен футболдан өткізілетін жарыстардың регламенті, футболдан өткізілетін жарыстардың ережесін талқылауда.

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы