«Ақылды Ойын» атты жаңа интеллектуалды жоба

24.02.2012

Көрулер: 1100

ҚазҰУ-нің құрметті 3-4 курс студенттері!

Республикалық «НТК» телеарнасында ҚР Ұлттық Банкінің қолдауымен «Ақылды Ойын» атты жаңа интеллектуалды телевизиондық жоба басталды.

Жобаның негізгі мақсаты: дарынды жастарды тауып оларға қолдау көрсету, олардың өзін өзі қалыптастыруын жүзеге асыру, студенттің қабілетіне қарай профессионалдылығын анықтау, оларды қаржы және экономика саласында жақсы профессионалды білім және тәрбие алу жолдары арқылы марапаттау.

Жобада 3-4 курс студенттері қатыса алады. Жобаның жеңімпаздарына Ұлттық Банкінің магистратурасына мамандық бойынша түсуге білім гранты тағайындалады.

Керекті ақпаратты және жобада қатысу туралы материалдарды +77273302477 тел. Бойынша алуыңызға болады.

Мансап және бизнес орталығы