Талапқа сай келмесең, орын жоқ

28.02.2012

Көрулер: 547

ҚазҰУ ұжымы алдында үлкен міндет тұр. Ол – мемлекеттік аттестация тапсыру. Алдын ала тексеру комиссиясы дайындықты бір пысықтамақ. Барлық талап бүге-шүгесіне дейін қаралады. ҚазҰУ имиджіне нұсқан келтіретін ілініп-салынып, жүрдім-бардым жүрген студенттерді оқудан шығару да қарастырылды.

27 ақпан күнгі Ректорат мәжілісінде Оқу жұмысы жөніндегі проректор Гүлнәр Балақаева аттестацияға дайындық барысымен таныстырды. Проректор бұл сынақты университеттің соңғы жылдары атқарған сәтті жұмыстарын таразылайтын сәт дейді. Ал, ректор Ғалым Мұтанов оқытушы-профессорлар құрамын жоғары дәрежеде тапсыруға міндеттеді. Ұлттық зерттеу университетіне айналу жолындағы көшбасшы университетке бұл үлкен сын. ҚазҰУ-дың әлемдік рейтингідегі беделін, еліміздегі ЖОО арасында көш бастап тұрғандығын ескерсек, бұл мемлекеттік аттестация қара шаңырақ ұжымы үшін соңғы сынақ болуы әдбен мүмкін.

Ректор бұл тұста алдын ала тексеру жұмыстарын күшейтіп, барлық талаптар орындалуын қадағалауды тиісті бөлімдерге тапсырды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі