«Заңгер» ғылыми-студенттік үйірмесі дөңгелек үстел өткізді

28.02.2012

Көрулер: 565

27 ақпанда Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасынының «Заңгер» ғылыми-студенттік үйірмесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 411 дәрісханасында «Меншікке қарсы қылмыстарды ашудың, тергеудің және алдын алудың теориялық және қолданбалы проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е., студенттердің ғылыми зерттеу орталығының директоры з.ғ.к., доцент Жетібаев Н.С., Алматы қалалық ІІД ҚКП бастығы, подполковник Абдуалиев Б.Ш., Алматы қалалық ІІД Тергеу бөлімінің бастығы, подполковник Тұрсынбетов Ә.Л., Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика бірлескен үйірмесінің төрағасы з.ғ.к., доцент Тілепбергенов О.Н., қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Ақболатова М.Е.,Б. Шопабаев және заң факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Сондай-ақ дөңгелек үстелге аталған тақырып аясында қатысты. Олар меншікке қарсы қылмыстарды әр түрлі аспектіден қарастыра отырып, алуан түрлі тақырыптарды қамти алды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарның қызметкерлеріне әр түрлі тәжірибемен байланыстыра отырып сұрақтар қойды. Аталған сұраққа құқық қорғау органдарының қызметкерлері дәйекті де, тұшымды жауап бере білді. Дөңгелек үстел өте мазмұнды және мәнді өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан студенттер өздерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, білімдерін байыта түсті.