Кафедра күні Елбасы жолдауын талқылауға арналды

29.02.2012

Көрулер: 656

28 ақпан күні Қазақстан тарихы кафедрасының ұжымы № 10 жатахана студенттерімен кафедра күнін өткізді. Кездесуде алғаш сөз алған профессор Қ.С. Қаражан студенттерді Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында қарастырылған негізгі 10 бағыт бойынша баяндай отырып, студенттермен ой бөлісті.

Аға оқытушы С. Смағұлов Қазақстанның бүгінгі таңдағы Сыртқы саясаттағы жетістіктеріне тоқталды. Оқытушы-профессорлар құрамы биылғы жолдаудың басты ерекшеліктерінің бірі – тәрбие мәселесінің маңызды орынға көтерілуі екендігін баса атап өтті. Осыған орай еркін пікір алмасу тақырыбы бүгінгі жастар және олардың құндылықтар жүйесінің мәселелеріне ауысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі