Дінмұхамед Қонаевтың100 жылдық мерейтойына орай «Д.Қонаев атындағы кубогы» үшін студенттер арасында Pеспубликалық пікірсайыс турнирі өтті

28.02.2012

Көрулер: 577

Ақпан айының 25-26 күндері Тараз қаласы, Тараз Иновациялық-Гуманитарлық Университетінде өткен Республикалық турнирінде «Алтын сапа» клубының құрамасы 3-ші орынға ие болды. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 30-ға жуық құрамалар қатысты.

Турнирде елбасымыздың соңғы жолдауындағы көкейсті мәселелер қарастырылды. Яғни, олар: «қолжетімді баспана – 2020», Зейнетақы реформасы, Біртұтас астық холдингі және т.б. Бұл тақырыптар бойынша білімгерлер өте жоғары ойлар қозғады, керемет ұсыныстар ұсынды.Қазақстанның болашағы осындай жастардың қолында болса, онда Қазақстанның болашағы өте жарқын. Жүлделі орынды иеленгендер: Физика-техникалық факультеттің 1-курс студенті – Усербаев Бағдат, ЭжБЖМ 1-курс студенті – Қадырбек Бекжан.