TEDxAlFarabiU - 2012

01.08.2012

Көрулер: 325

ҚазҰУ 2011-2012 оқу жылының бірден-бір маңызды іс-шараның бірі TEDxAlFarabiU. TEDx-тің мақсаты ғаламдық кеңістіктегі жаңа идеяларды есту және тыңдау болып табылады. TED-қа қатысушылар қатарында нобель сыйлығының лауреаттары, президенттер, ірі корпорацияның негізін қалаушылар, суретшілер, жазушылар, қоғам қайраткерлері және т.б. әйгілі тұлғалар шақырылады.

TED-тің жылдық конференциясы шеңберінде спикерлер 15-18 минут ішінде қатысушыларға өзінің жобалары және оның жетістіктері жайлы қатысушыларға қызықты ақпарат беру қажет. Атап өтетін жайт TEDxAlFarabiU ұраны «Жас ұрпақты шабыттандыру».

Спикерлер қатарында креативті жастар шақырылды. Олар қазіргі таңда өз жобаларын және өз идеяларын нақты жүзеге асырып өзекті сұрақтар төңірегінде, яғни заман талабына сай білім алуда, қайырымдылыққа, жақсы өмір сүру үшін экологиялық және интернеттік жобалармен айналысады. Мәселен, Дәурен Жолдасбаев «Ағаш отырғыз» экологиялық қозғалыстың белсенді мүшесі. «Өмір ұрпағы», «Таза қала», «Эко клубтар», «Живая изгородь» жобаларын белсенді іске асыруда. Ең қолайлы жобаның бірі «СМС ағашы» деп аталады. Бұл жобаның мақсаты қала тұрғындарын ағаш отырғызуға, қаланы жасылдандыруға, барлық жұртты экология мәселелерімен таныстыруға бағытталған.

Бүгінде TEDxAlFarabiU абитуренттер қатарынан жас студенттерді қабылдауда. TEDxAlFarabiU өзінің студенттік клубын ашу жөнінде, сондай-ақ қыркүйек айында Гарвардтық журнал «Гарвард және идея» атты мини журналдың ашылатындығынан да хабардар етті.

ҚазҰУ-дің Баспасөз қызметі