ҚазҰУ-да «Green campus» жобасы жүзеге асырылады

27.08.2012

Көрулер: 728

Экоинновация және энерготиімді технологияларды енгізу бойынша университетте «Green campus» жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында университет аумағына макулатура жинау контейнерлері орнатылған. Сіздер барлық пайдаланылған қағаздарыңызды (А4, газеттер, журналдар, чектер және т.б.) Ректораттың артында, биология факультетінің және химия факультетінің алдында арнайы орналастырылған контейнерлерге сала аласыздар.


Өңделген бір тонна макулатура 10 ағашты кесуден сақтайды, 20000 литр суды, 1000 кВт электр қуатын үнемдейді және 1700 кг СО2 шығуына жол бермейді. Әлем ресурстарын тиімсіз пайдалану және қалдық мәселелері біздің әрқайсымызға қатысты және болашағымызға тікелей әсерін тигізеді, сондықтан бәріміздің қатысқанымыз игілікті істі атқарғанымыз болып табылады.

Түскен қаржыға унивеситетімізді көгалдандыруға арналған бөлме өсімдіктері алынатын болады.

Байланыс телефоны: Жастармен жұмыс ұйымы ішкі тел: 11-98