«Үздік студенттік топ» байқауы жеңімпаздары анықталды

13.05.2015

Көрулер: 294

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы бастамасыменұйымдастырылатын дәстүрлі жобалардың бірі – «Үздік студенттік топ» байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың бастымақсаты – студенттер арасында үздіктерді анықтау, олардықоғамдық мәні бар іске араластыру, түрлі жобаларда деңгейінкөтеру.

Байқау екінші жартыжылдықта өзжұмысын бастаған болатын. Сол уақыттыңішінде үздік топтар түрлі сайыс пен тамашакездесулерді өткерді. Еліміздің танымалтұлғаларымен өзара әңгіме-дүкен құрыпмақсаттарын да айқындай түсті.Алғашқы кезеңде қатысушыфакультеттер өздерін байқау шарты бойынша таныстырып, түрлібейнекөрсетілімдермен өз факультеттерінешолу жасады. Неонды пайдаланып,ерекше қойылыммен де шыққандарболды. Бірқатар топтар өздерінің қиялыұшқыр студенттерден ғана құралғандығыносылай дәлелдеуді жөн санаған. Келесікезеңге тек жүйріктер ғана сүрінбей өтті.Байқаудың екінші кезеңі наурызайында өтіп, студенттер ≪Әлемдіөзгертуді өзіңнен баста!≫ атты әлеуметтікбейнекөрсетіліммен жарысқа түсті. Бұлжерде де топтар бірінен-бірі асып жатты.Ал шешуші кезең мерекелі мамырайына дөп келді. Қатысушылар өздерінеинновациялық жоба жасап, үздікекендіктерін дәлелдеді. Пайдалы, смартқалашыққа қажет болатын ұсыныстарыменкелген жас ғалымдарға көрермендер де,әділқазылар алқасы да дән риза болды.

Ауқымды тың жобалар жарысындаүздік топтар өздерінің алғырлығы менбілімін, жаңашылдығы мен замануи мүмкіндіктерін іс жүзінде көрсете білді.Биыл тәрбие жұмысы және тіл саясатынұйымдастырушылық-әдістемелік

қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Т.Әбішов, ҚазҰУ технопаркі қызметкері А.Абжанов, ≪Керемет≫ студенттерге қызметкөрсету орталығының директоры С.Баяндинова, ≪Хабар≫ телеаранасы ≪ХХІғасыр көшбасшысы≫ интеллектуалды-зияткерлік ойынының редакторы Д.Мукаев, ҚазҰУ магистранты,инновациялық жобалар жеңімпазыА. Сәрсенова, ≪Сұңқар≫ студенттеркәсіподағы≫ қоғамдық бірлестігініңтөрайымы А. Сыдықова және ≪Үздікстуденттік топ≫ жобасының жетекшісі С.Сандыбаевалар қазылық етіп, жеңімпазтоптарды анықтады.Сонымен, ≪Ең үздік студенттік топ≫номинациясы бойынша химия жәнехимиялық технологиялар факультетіжеңіске жетіп, Астананың туылғанкүніне орай ұйымдастырылып отырғанэкскурсияға жолдаманы ұтып алды. Ал,екінші орынды физика-техникалықфакультеті (Ыстықкөлге жолдама)иемденсе, үшінші орынға филология,әдебиеттану және әлем тілдері факультеті(Іле-Алатау Ұлттық саябағына жолдама)лайықты деп танылып, биылғы шараның жеңімпаздары қатарынан көрінді.

«Сұңқардың» Баспасөз қызметі