Астанада ҚазҰУ-дың қатысуымен ЭКСПО – 2017 тақырыбы бойынша семинар өтті.

27.08.2015

Көрулер: 771

15 мен 20 тамыз аралығында Астанада «Қазақстан мемлекетін негізге ала отырып: бай ресурсты мемлекеттерге таза энергия көздерін жүргізу» тақырыбы аясында семинар ұйымдастырылды. Семинар тақырыбы болашақта өткізілетін ЭКСПО – 2017 бағдарламасына қатысатын мемлекеттер арасында көтерілетін сұрақтармен тығыз байланыстағы болды.

Семинардың ұйымдастырушылары Экономикалық Зерттеу Университеті сонымен бірге Рединг Университетінің Евро – Азиялық зерттеу орталығы (Ұлыбритания), Қазақстандағы Британдық Кеңес, Ньютон Әл – Фараби бағдарламалары болып табылады.

Семинардың өтілуіне Қазақстан және Ұлыбританиядан 50 ғалым, сонымен қатар Қазақстанның энергетика Министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚ «Самрұқ – Қазына», ТОО «Astana Solar», АҚ «Кegok», АҚ «Samruk – Green Energy», АҚ «Самрұқ – Қазына Invest» және басқалары қатысты.

Өз сөздерінде эксперттер жаһандық мәселелер негізінде климаттың жылынуы және табиғи ресурстардың сарқылуына байланысты Қазақстанның жасыл экономикаға көшу қажеттілігін айтты.

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлектері мен ғалымдары – ф.ғ.к. Бимағамбетова Ж, д-р Беляев Е, проф. Калтаев А, сонымен қатар, Ноттингем Университетінің және Ньютон Әл – Фараби бағдарламасының зерттеушісі Каратаев М, Қазақстандағы күн, жел және геотермалдық энергия жобаларын дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, экономиканың осы секторына инвесторлады тарту, энергоменеджменттің әлемдік тәжрибиелері, осындай мәселелер бойынша презентацияларын ұсынды.

Семинар соңында спикерлер осы шараның ЭКСПО – 2017 бағдарламасының энергия тиімділігін арттыру және жаңартылған энергетиканы дамыту жолында бірінші қадамның жалғасы болады деп атап өтті.

Халықаралық қатынастар факультеті