Хабарландыру! Жәләләддин Румидің шығармашылығына арналған поэзия кеші

26.01.2016

Көрулер: 1369

ҚазҰУ Шығыстану факультеті жанындағы «Гүлістан» үйірмесі және Иран Ислам Республикасы елшілігінің Алматыдағы мәдени өкілдігінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 28-ші қаңтарында Жәләләддин Румидің шығармашылығына арналған поэзия кеші өтеді. Әдеби кеште Шығыс мұсылман әдебиетінде «Ғашықтықтың пірі» деген атпен танымал болған Мәуләнә Руми шығармаларынан үзінділер оқылып, шайыр мұрасының рухани құндылығы туралы сөз болады. Кешке елімізге белгілі әдебиеттанушы ғалымдар мен ақындар қатысады.

Өтетін орны: 28.01.2016 ж.

Сағат: 14-30

ҚазҰУ Шығыстану факультеті (Қарасай батыр к-сі, 95), 422 ауд.