"Ақпараттық серіктестік аясындағы халықаралық журналистика: әлемдік үрдіс"

04.03.2016

Көрулер: 1301

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық журналистика мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция тақырыбы: «Ақпараттық серіктестік аясындағы халықаралық журналистика: әлемдік үрдіс».

Өткізілетін күні: 7 сәуір, 2016 жыл. Басталуы сағ. 10:00.

Өткізілетін орны: журналистика факультеті, Т.К.Қожакеев атындағы мәжіліс залы

Конференциядағы ғылыми пікірталас төмендегідей бағыттар бойынша өрбиді:

Тұрақты даму факторы ретіндегі халықаралық журналистика.

Халықаралық қатынастар ахуалын қалыптастырудағы әлемдік БАҚ-тың рөлі.

Мәдениеттер диалогын ұйымдастырудағы халықаралық журналистика мүмкіндіктері.

Ұлттық және халықаралық заңнама шеңберіндегі халықаралық журналистика.

Журналистік білім беру саласындағы ЮНЕСКО халықаралық стандарттары.

Жаңа технологиялар және халықаралық БАҚ этикасы.

Конференция аясында «Халықаралық журналистиканың өзекті мәселелері және даму үрдістері» тақырыбында Алқасөз өткізіледі.

Ақпараттық хат МЖ каз.doc