Кафедраның тарихы

Әл-Фараби ҚазҰУ-дың әлеуметтану кафедрасының 20 жылдық өзіндік тарихы бар. Кафедраның әйгілі ғалымдар мен педагогтар атымен мақтаныш ететін көптеген істері бар.

Әлеуметтанушылық білімнің институционализациясы 1988 жылы университетте социология бөлімінің ашылуымен және әлеуметтану кафедрасының құрылуымен тікелей байланысты. Кафедраны ашу қажеттілігі мамандарды кәсіби даярлауды сапалы жетілдіру талаптарымен байланысты және ең алдымен олардың әлеуметтік ақпарат, моделдеу және болжаудың талдаулық әдістерін терең де, жүйелі игеру негізінде болды.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі 1988-1992 жылдары экономика ғылымдарының докторы, профессор Рогачев Анатолий Акимович болды. 1992-1993 жылдары кафедраны экономика ғылымының докторы профессор Умирзакова Тамара Азеновна басқарды.

1993 жылы кафедраны басқаруға әлеуметтану ғылымының докторы, профессор Биекенов Кеңес Үмбетжанұлы шақырылды. Биекенов Кеңес Үмбетжанұлы 10 жылдай кафедраға басшылық етті. Кафедраның негізгі іргетасын КСРО уақытында белгілі ғалым әлеуметтанушылар қалады. Олардың есімімен қазақстандық әлеуметтану ғылымының қалыптасуы ғана емес, жалпы ғылымның бұдан ары дамуы байланысты. Олар өте білімді, өмірлік және педагогикалық тәжірибеге бай және ең бастысы адамгершілікті сүйгіш дарынды адамдар.

Әлеуметтану ғылымының докторы, профессор Биекенов Кенес Умбетжанович

   

Аитов Нариман Абдрахманұлы (1925-1999) − философия ғылымның докторы, профессор, еліміздегі ірі социологиялық лабараторияны және Уфа социологиялық мектебін құрушы. Ол аймақтық жоспарлаудың, әлеуметтік жобалаудың және әлеуметтік жоспарлаудың даму теориясын қарастырды. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік жылжу ерекшеліктерін, ҒТР-дің әлеуметтік салдарын және оларды реттеу жолдарын зерттеді. Н.А.Аитов 300-ге жуық еңбектердің авторы, соның ішінде монографиялары: «Социальное проектирование», «Социальное развитие регионов», «Новый промышленный центр и село», «Общество переходного периода», «НТР и социальное планирование», «Судьба казахстанского села», «Отношение рабочих к труду в переходный период», «Технический прогресс и движение рабочих кадров», «Социальная структура населения стран СНГ», «Социология труда», «Социальная философия», «Экономическая социология»және т.б.

Философия ғылымның докторы, профессорАитов Нариман Абдрахманұлы

Әлеуметтану ғылымының докторы, профессор Садырова Мансия Сапаргалиевна

Кафедраның жетістіктерін жалғастыру және көбейту Қазақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясның академигі, профессор К.Ү. Биекеновтен кейін оның шәкірті профессор М.С.Садырованың үлесіне тиді. 2004 жылы және 2008 жылдар аралығында кафедра социология ғылымдарының докторы, профессор М.С. Садырованың басшылығымен белсенді жұмыс істеді. Бұл уақытта кафедра өз назарын девиантология, жастар әлеуметтануы, кәсіпкерлік әлеуметтану, гендерлік және экономикалық әлеуметтану саласында ғылыми-зерттеулік нәтижелер алуға бағыттады.

2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін әлеуметтану кафедрасын социология ғылымдардың докторы, профессор Гүлмира Серікқызы Абдирайымова басшылық етуде.

Философияғылымының докторы, профессор
Аженов Матипулла Салахадинович

Тарих ғылымының кандидаты,
Утешев Сарсембай Карасаевич

Аженов Матипулла Салахадинұлы (1932-2011) философия ғылымының докторы, профессор әлеуметтік құрылым әлеуметтануының қазақстандық мектебінің негізін қалаушы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификациясы мәселелерін зерттеуге Матипулла Салахадинұлының екі жүз ғылыми жұмысының 125-і арналған. Олардың ішінде Қазақстанда ғана емес, БҰҰ елдеріне де белгілі монографиялары бар: «Социально-классовая структура советского Казахстана» (1972 ж.), «Социальная структура советского общества» (1980), «Социальная стратификация в Республике Казахстан» (1997), «Кедейшілік социологиясы» (2004 г.), «Социология социальной структуры» (2007 ж.) және т.б.

Ғалымның аталған еңбектерінде қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымының қалыптасу мен даму заңдылықтары, оның трансформация тенденциясы мен факторлары, халықтың әртүрлі қабаттарының сипаттамасы талданады. Матипулла Салахадинұлының еңбектері оқырмандары үшін ең алдымен, олардың “ғылым архивіне” қатысты мәліметтер ғана емес, сонымен бірге қоғамның әртүрлі салаларында: қоғамның әлеуметтік құрылымы, білім, ғылымда болатын процестер туралы қазіргі заманға сай ғылыми білім беретіндігімен құнды.

Утешов Сәрсенбай Қарасайұлы − тарих ғылымының кандидаты, доцент, ғалым, оның ғылыми қызығушылығы қазіргі қоғамдағы демографиялық процестерді зерттеумен, халықаралық қатынастар әлеуметтануымен байланысты 100-ге жуық ғылыми басылымдардың авторы, соның ішінде этноәлеуметтану және демография бойынша белгілі оқу құралдары бар.

Философияғылымының докторы, профессор Акмамбетов Галихан Галимгалиевич

Әлеуметтану ғылымының докторы,профессор Жаназарова Зауре Жолдасбековна

Акмамбетов Ғалихан Ғалимғалиұлы (1935-2014) философия ғылымдарының докторы, профессор. Ғалымның ғылыми қызығушылығы антропология философиясына, этика мен әлеуметтануға бағытталған. Автордың 100 жуық ғылыми еңбектері бар, олардың ішінде негізгілері: «Этика педагога» (1976), Проблемы объекта и субъекта философии» (1978), «Проблемы формирования сознания личности» (1978), «Принципы конкретности в исследовании нравственных процессов» (1983), «Социологические исследования духовного мира личности» (1985), «Нравственность и мировоззрение личности» (1986), «Структура нравственности и личности» (1989), «Я и этическая проблема» (1998), «Сознание в социокультурном контексте» (2005).

Социология ғылымдарының докторы, профессор З.Ж. Жаназарова кафедрада оның негізінің қалануынан бастап жұмыс істеп келеді, оның ғылыми жұмыстары отбасыны қазіргі кезеңде социологиялық және психологиялық тұрғыда зерттеумен, ұлтаралық неке мәдениеті, отбасылық және демографиялық саясатпен тығыз байланысты. З.Ж. Жаназарованың 100-ден астам ғылыми жұмыстары жарық көрді. Соның ішінде оқулық, оқу құралдары және монография.

Кафедраның қалыптасуының алғашқы кезеңіндегі маңызды міндеттердің бірі оның кадрлық құрамын бекіту болды, бұл ондаған жылдар бойы оқытушылардың біліктілігін жақсарту бағытында өзгерді, кафедра әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс саласында жаңа мамандармен толықты. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына осы кафедраның қалыптасуы мен дамуы жылдары өздерінің кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғаған және алғашқы педагогикалық тәжірибесін алған профессорлар мен доценттер ерекше үлес қосты: Садырова М.С., Джаманбалаева Ш.Е., Жаназарова З.Ж., Кожамкулова Л.Т., Абдирайымова Г.С., Абдикерова Г.О., Шеденова Н.У., Нурбекова Ж.А., Морозова Т.А., Кылышбаева Б.Н., Абжалиева А.Т. және т.б. Әлеуметтанудың, девиантты мінез-құлық әлеуметтануының (Ш.Е. Жаманбалаева) әртүрлі заманауи мәселелері, әлеуметтік зерттеулерлердің, отбасы әлеуметтануының (З.Ж. Жаназарова) теориялары, әдіснамасы мен тәжірибелері бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғала басталды. 2002 жылы кафедра университеттегі ғылыми дәрежелер саны бойынша ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

Бұл кезеңде әртүрлі социологиялық қызметтермен байланыс нығая түсті, Ресейдегі әріптестермен халықаралық байланыс жақсарды. Студенттермен оқытушылық жұмысқа Жүсіпов С.Е., Гуревич Л.Я. сияқты белгілі қолданбалы әлеуметтану мамандары тартылды. Оқу процесін және кафедраның баспалық іс-әрекетін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстар күшейтілді. Жыл сайын оқулықтар, оқу құралдары және әдістемелік ұсыныстар, сонымен бірге теориялық және қолданбалы әлеуметтанудың өзекті мәселелеріне арналған мақалалар жинақтары жарыққа шыға бастады. К.Ү. Биекенов 1996 жылы ЮНЕСКО мен Бүкіл Әлемдік Банк қолдауымен “Әлеуметтанудың қоғамды жаңартудағы ролі” атты Қазақ әлеуметтанушыларының бірінші халықаралық конференцияны және “Қолданбалы зерттеу: тәжірибе, мүмкіндік және перспективалар” (1997ж.) атты халықаралық семинарды ұйымдастырушысы болды. Бүгінгі күнде К.Ү.Биекенов “әлеуметтану” секциясын жетекшісі болып “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуына үлкен үлес қосуда және Қазақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясының вице-президенті ретінде үлкен қоғамдық жұмыс атқаруда. К.Ү.Биекенов әлеуметтану және саясаттану Академиясының және Қазақстан жоғары мектебінің академигі, білім берудің үлгілі қызметкері, 38 халықаралық және мемлекеттік гранттар иегері болып табылады.