Кафедраның тарихы

   Қазақстанда саясаттану ғылымының кафедрасы мен бөлімі алғашқы рет 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ашылды. Олар саясаттану мамандарын дайындау және жаңа ғылым мен оқу пәнінің ғылыми-әдістемелік мәселелерін құру базасы болды. Өзінің 25 жылдық қызметінің барысында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарынан қажетті тәжірибе жинақтай отырып, университеттік дипломы бар мамандарды гуманитарлық даярлау жұмысына өте маңызды үлес қосты.

   Кафедраның алғашқы меңгерушісі мен ұйымдастырушысы белгілі қазақстандық ғалым, тарих ғылымдардың докторы, профессор, Қазақстан жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы саяси ғылымдар Академиясының президенті Мұстафин Тілеміс Тілеуқабылұлы болды. Ол жоғарғы мектептің белгілі педагогы, жоғары санатты лектор және оқу үдерісінің ұйымдастырушысы, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялардың белсенді қатысушысы ретінде танымал болды. 1992 жылдан бастап 1998 жылға дейін Т.Т.Мустафинмен басқарылған саясаттану кафедрасы Қазақстандағы саяси ғылымдарды дамыту орталықтарының бірі ретінде мойындалды.


Саясаттану кафедрасының меңгерушісі (1992-1998 ж.) тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Т.Мұстафин

   Профессор Байдельдинов Лайық Әмірұлы 1998 жылдан бастап 2000 жылға дейін Т.Т.Мустафинмен негізделген барлық дәстүрлерді сақтай отырып, кафедраға меңгерушілік етті. Сонымен қатар жауапты редактор ретінде «Саясаттану» оқулығын дайындауды басқарды (2000ж). Л.Ә.Байдельдинов саясаттану мамандығы бойынша қазақ бөлімінің ашылуының себепкері болды.

   2001 жылдан бастап 2002 жылға дейін кафедра меңгерушісі саяси ғылымдардың докторы, профессор Бурханов Камал Низамұлы болды. Профессор К.Н.Бурханов Қазақстанда танымал саясаттанушы, терроризм, экстремизм және Орталық Азия мәселелері бойынша маман болып табылады.

   2002 жылдың шілдесінен 2011 жылдың тамызына дейін саясаттану кафедрасын саяси ғылымдарының докторы, профессор Иватова Ляйля Мұрзалықызы басқарады. Л.М.Иватованың басшылығымен саясаттану бойынша PhD докторларын даярлау бағдарламасы енгізілді, шетелдік АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Венгрия, Польша, Оңтүстік Корея университеттерінің саяси ғылымдар факультеттерімен байланыс орнатылды, ағылшын тілінде оқытылатын пәндер енгізілді. Л.М.Иватова 2002-2010 жылдар аралығында саяси ғылымдар бойынша диссертациялық кеңестің төрайымы болды. Оның жетекшілігімен 8 докторлық, 24 кандидаттық диссертациялар, PhD білім беру бағдарламасы бойынша 2 докторлық диссертациялар қорғалды. 2007 жылы «2007 жылдың ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» атанды.

   Қазіргі таңда кафедрада Қазақстан Республикасында танымал, педагогикалық тәжірибеге бай жоғары санатты оқытушылар қызмет атқарады. Олардың ішінде:  28% профессорлар, 38% доценттер, 27% эксперттер, 14% PhD докторлары.

   2004 жылы кафедрада екі ғылыми мамандық бойынша (қазақ және орыс бөлімдері) ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура ашылды: саяси институттар және үдерістер, халықаралық қатынастар саясаттануы.

   2005 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Болон Декларациясына қосылуы шеңберінде PhD докторанттарын дайындау бағдарламасы жүзеге асып келе жатыр.

   2011 жылдан бастап кафедраны саяси ғылымдарының докторы, профессор Насимова Гүлнар Өрленбайқызы басқаруда.

   Г.Ө.Насимова - саяси конфликтология мәселелері бойынша 100-ден аса ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы. Оның жетекшілігімен 1 кандидаттық және PhD білім беру бағдарламасы бойынша 2 докторлық диссертация қорғалды. Ресейлік: "Вопросы политологии", "Евразийский союз", "Известия Алтайского государственного университета" журналдарының және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының "Казахстан спектр" журналының редакциялық алқасының мүшесі. 2011 жылдан PhD докторы ғылыми дәрежесін иемдену үшін диссертацияны қорғау бойынша әлеуметтік ғылымдар бойынша диссертациялық кеңестің төрайымы. «2008 жылдың ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің сараптамалық тобының мүшесі.

   2015 жылы кафедра атауы "Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы" деп өзгертілді.

 

Саясаттану бөлімінде оқытылатын ең негізгі пәндер болып табылады: Теориялық саясаттану, Саяси билік, Қазақстанның саяси ойлары, Қазіргі саяси процесс, Саяси жүйелер мен режимдер, Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, Салыстырмалы саясаттану, Қолданбалы саясаттану, Саяси технологиялар, Саяси талдау және болжау, Мемқызмет және мемлекеттік-әкімшілік басқару, Саяси конфликтология, Халықаралық қатынастардың саяси мәселелері, Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар, Геосаясат, Халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, ҚР-ның ұлттық қауіпсіздгі, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Философия және саясаттану институты ҚР БҒМ, ҚР институты, Әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы қоғамдық қоры http://www.ofstrategy.kz/index.php/ru/ Әлемдік экономика және саясат институты, Орталық Азия агенттігі сынды ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылады.


Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы мен шетелдік жоғары оқу орындары арасында белсенді халықаралық ғылыми ынтымақтастық құрылған. Атап айтқанда: Шыңжаң мемлекеттік университеті (Қытай), Оклахома мемлекеттік университеті (АҚШ), Нью-Йорк әлеуметтік зерттеулер университеті (New School for Social Research, New York), Монтерей халықаралық зерттеулер институты (АҚШ), Ашық Қоғам Институты (Венгрия), Сеул мемлекеттік университеті, Кёнги университеті, Kookmin университеті және Donguuk университеті (Оңтүстік Корея).


 Саясаттану бөлімінің түлектері қоғам өмірі үшін қажетті және еліміздің мемлекеттік, ғылыми және оқу орындарында, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР Президенті Әкімшілігінде, Парламентте, әкімшілік пен саяси партияларда сарапшы, саяси технологтар, ЖОО-да оқытушы қызметтерін атқарады.


2004 жылы кафедрада ғылыми-педагогикалық салаға бағытталған магистратураның қазақ және орыс бөлімдері екі ғылыми сала бойынша маманданған: саяси институттар мен процестер және халықаралық қатынастардың саясаттануы.

Саясатанушылар мамандарын дайындау және Қазақстан Республикасының саяси ғылымын дамыту мен білімнің сапасын көтеру мақсатында саясаттану кафедрасының негізгі басымдықтары:

  1. Жоғарғы білім беру жүйесінде және қазақстандық қоғамның қызметінде саяси ғылымның және оқу пәнінің әдістемелік және дүниетанымдық рөлін көтеру.
  2. Қазіргі саяси мәселелерді тиімді шешетін және қоғамдық процестерде болжай алатын, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыра алатын білікті саясаттанушыларды, аналитиктерді, сарапшыларды, политтехнологтарды дайындау.
  3. Жас мамандарды сапалы теоретико-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, оқу процесін жетілдіру, жаңа заманға сай оқулықтар мен оқу-құралдарын дайындау, соның ішінде электтронды оқулықтар, сыртқы бөлімдегі студенттерді қашықтықтан оқытуды дамыту.
  4. Саясаттану пәнін оқытуда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ бөлімін белсенді дамыту және оның оқу-әдістемелік базасын жетілдіру.
  5. Кафедра жанынан ғылыми-зерттеулер орталықтарын құру: республикадағы қазіргі саяси процестерді талдау және әлеуметтік-саяси қақтығыстардың алдын-алу және олардың нәтижелерін оқу процесінде пайдалану.
  6. Кафедраның байланысын мемлекеттік құрылымдармен, ішік және сыртқы саясат қоғамдық байланыс бқлімдерімен кеңйтіп, болашақ саясаттанушыларды дайындау мақсатында серіктестік формасын дамыту.
  7. Әлемдік білім беру кеңістініе интеграциялану,мсаясаттанушы мамандарды дайындауда әлемдік сапа деңгейіне сай келу, Болон Декларациясы шеңберіндегі білім берудің үш деңгейі бойынша кредиттік оқыту жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында шетелдік университеттермен халықаралық серіктестікті бекітіп дамыту.
  8. Студенттерді гуманизм, адамгершілік,төзімшілдік және ұлтаралық келімі қағидалары негізінде тәрбиелеу және жоғарғы азаматтық ұстанымды және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.