Ректордың үндеуі

Құрметті достар!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығының лауреаты «Сапа саласындағы жетістіктері үшін», Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер пен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты. Біздің университетіміз Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ЖОО арасында тұңғыш болып Болон қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттар талабы негізінде сапа мененджмент жүйесіне сай (СМЖ) халықаралық сертификаттаудан жемісті өтті және IQNET Халықаралық сертификаттау жүйесі сынды ең ірі әлемдік сертификаттау орталығының куәлігін иеленді.

Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндіруші негізіне ие.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Сіздерге алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы.

Университет құрамында 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте 18 мыңнан астам білімгерлер мен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар білім алуда. Біз, тәжірибе жүргізу мен білімгерлермен алмасуда және заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 418 халықаралық жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық орнаттық.

Біз, Қазақстанның болашағын дайындап жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз, себебі біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын құрастырады және еліміздің даму бағытының қалыптасуында ат салысады. Бұл біздің маңызды нәтижеміз, біз онымен мақтан етеміз және болашаққа деген сеніммен қараймыз .

Сіздерді университетімізге шақырамыз! Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

Құрметпен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры,

техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Ғ.М. Мұтанов.