Бакалавриат

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті классикалық университет ретінде, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің дамуының инновациялық-жаңаша орталығы болып табылады, кәсіби бәсекелестікке қабілетті, ұлттық және адамгершілік негізінде тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді, ғылыми жетістіктерімен тәжірибелердің жаңаша орталығы болып табылады.

Университеттің негізгі мақсаты – білім алушыларға кәсіби білім алуына барлық жағдайды жасау.

Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 64 мамандық бойынша бакалавриат мамандарын дайындайды.

2010 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Республика бойынша эксперименттік білім беру бағдарламасын бакалавриат көлемді түрде енгізуге мүмкіндік алды, бұның өзі университеттің әлемдік деңгейде білім беру қызметтерін қамтамасыз етеді.