Докторантура PhD

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚР жоғары оқу орындары арасында жоғары білікті ғылыми кадрлар – PhD докторлар даярлауда мойындалған көшбасшы болып табылады. 2005 жылы университетте жетекші шет ел университеттерінің ғалымдарымен бірігіп PhD докторантураның алғашқы эксперименттік бағдарламалары жасалған. Бүгінгі таңда ҚазҰУ-да PhD докторанттарды даярлауға жиырма алты елдің 118 университетінен 123 шетел ғалымы қатыстырылады.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторантурасында ғылыми кадрлар даярлау жүйесі төменде көрсетілген ерекшеліктермен сипатталады:

ол педагогикалық және сараптамалық қызметтің болашақ белсенді ғылыми зерттеулері үшін мамандар даярлауға бағытталған; PhD докторанттың диссертациялық зерттеу жұмысы ғылыми қызметкердің кәсіби іскерлігінің қалыптасқандығының куәсі болып табылады;

республиканың дамуы үшін маңызды мәні бар ғылым, өндіріс және әлеуметтік-экономикалық салалар үшін мамандар даярлауға назар аударылады;

білім беру үдерісінің сапалы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін қажетті ақпараттық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтылғандығына ерекше назар аударылады, әсіресе PhD докторанттарының ғылыми зерттеу жұмыстары фундаменталдық және қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламалары бойынша ірі зерттеу жобалары аясында, халықаралық ұйымдар гранттары (МАГАТЭ, НАТО, МНТЦ) бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары аясында жүзеге асырылады;

биоинформатика, химиялық инженерия, плазмохимия сияқты және т.б. докторлық білім беру бағдарламалары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан басқа Қазақстанның еш бір жоғарғы оқу орындарында даярланбайды;

докторантурада білім алушылардың шет тілдерін меңгеру дәрежесіне қойылатын талаптардың жоғары болуы докторанттардың шет елдік ғылыми жетекшілерімен емін-еркін тілдесе алауына, шет ел баспа беттеріне ғылыми мақалалар жариялауына, халықаралық конференцияларға тезистер ұсынып, баяндама жасауға мүмкіндік береді.

ҚазҰУ-дың PhD докторанттары диссертациялық жұмыстарын зерттеу барысында Австрия, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия, Жапония, Нидерланды, Германия, Испания, Израиль, Швейцария, Финляндия, Швеция, Норвегия, Қытай және Ресейдің жетекші ғылыми-білім беру орталықтарындағы шет елдік ғылыми жетекшілерінде міндетті түрде ғылыми іс-тәжірибеден өтеді.

PhD докторларын даярлау бағдарламасы шеңберінде білім алушы докторанттардың маңызды халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысуы, ғылыми мақалалардың халықаралық ғылыми журналдарда жариялануы қаржыландырылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторанттарының ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Physical Review», «Gravitation and Cosmology», «Journal of Phys. A: Mathematical and Theoretical», «Nanotechnology», «International Journal of Psychology», «International Journal of Agricultural Research» сияқты және т.б. беделді шетелдік ғылыми басылымдарда жарық көрген.

2009 жылы университетімізде тұңғыш рет шет елдің 3 азаматы қазақстандық PhD докторы атағына ие болды.

Докторантура мамандықтарының тізімі

Түсушілерге арналған мәлімет -http://welcome.kaznu.kz/kz/

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына кейінгі білім беру институты

+7(727) 2211232