Биология және биотехнология факультеті

 

     Құрметті достар, біз сіздердің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетіне келгендеріңізге қуаныштымыз! Біздің факультет 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды дайындау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес биология және биотехнология факультеті деп аталады. Бүгінде бұл факультет ірі оқу-ғылыми орталығына айналған, оның 2 ҒЗИ-ында студенттер мен оқытушылар биология және биотехнология мәселелері, экология мәселелері, сонымен қатар заманауи биология, экология, биотехнология, биомедицина, спорт бағыты бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Факультет құрамында 4 кафедра бар: биоалуантүрлілік және биоресурстар, биотехнология, молекулалық биология және генетика, биофизика және биомедицина, сондай-ақ биоклиника және агробиостанция. Факультеттің ерекше бөлімі – Биология музейінде бірегей зерттеу объектісіне жататын массалық, эндемик, сирек түрлердің 5 мыңнан астам нұсқадан тұратын қоры бар. Қазіргі уақытта биология және биотехнология факультетінде 1300-ден астам студент, магистрант және PhD докторант білім алады. "Биолог", "биотехнолог", "эколог", "балық өсіруші" және "спортшы" мамандарын дайындауға жоғары маманданған оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер ұжымы қатысады. Олар: 30 ғылым докторы, 80 ғылым кандидаты, 10 PhD бар. Магистранттар мен PhD докторанттар әлемдік жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда тәжірибе жинақтайды.  

Биология және биотехнология факультетінің деканы б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі

Заядан Болатхан Казыханұлы

 

      Жұмыс берушілер мен ҚР Ұлттық Ғылым академиясы институттарының ірі ғалымдары мен жетекші мамандары студенттердің білім алуына өз үлестерін қосуда. Факультет 1934 жылдан бері 13 мың маманды әртүрлі биологиялық ғылым саласы бойынша дайындады, олар ғылыми-зерттеу орталықтарында, өндірісте, республикамыздың орта және жоғары оқу орындарында, алыс және жақын шетелдік білім беру мекемелері – Гарвард, Техас, Вирджиния, АҚШ, Франция, Канада, Ұлыбритания, Германия, Ресей университеттерінде қызмет атқарады. Факультет түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар кәсіпкерлер де бар. Олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмыс беруші бола тұрып, сонымен қатар олардың оқу жоспарларын құруға, студенттердің үздіксіз практикадан өтуін қамтамасыз етуге белсенді атсалысады.

    Факультет оқытушылары өздерінің белсенді халықаралық байланыстары нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі үшін әлемдік алдыңғы қатарлы ғылым орталықтары мен университеттерінде студенттерге 1-2 семестр оқуға мүмкіндіктер жасайды, ал ол оқу нәтижесі екі дипломдық бағдарлама бойынша, яғни студенттерге ҚазҰУ және шетел университеттерінің дипломын алып шығуға үлкен мүмкіндік береді. Факультеттің оқытушылары мен студенттері әрдайым шет тілі бойынша білімдерін жақсартуда. Факультетте мамандық бойынша ағылшын тілінде оқытатын топтар құрылды. Жыл сайын факультетте 30-дан астам шетелдік университеттің ғалымдары биология және биотехнологияның заманауи бағыттары бойынша дәрістер оқиды және шеберлік сыныптарын жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Біздің барлық студенттеріміз ғылыми жұмыспен айналысады және студенттер осы жұмыстары үшін төлемақы алады. Студенттерге ғылыми мәлімдемелерімен шетелде ғылыми конференцияларға, халықаралық олимпиадаларға барып қатысуға жағдай жасалған. Біз факультетімізде білім алып жатқан спортшы студенттерімізбен университеттің ғана емес, сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанымыздың намысын қорғап жүрген халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, олимпиада жеңімпаздарымен мақтанамыз.

       Құрметті талапкер! Егер де сіз сапалы білім алғыңыз келсе әрі заманауи мамандықтардың иесі болуды қаласаңыз, мансаптық өсу сатысының әрдайым жоғарылауын қамтамасыз еткіңіз келсе, біз сізді сапалы білім мен ғылыми зерттеулер жүргізуге барлық жағдайлар жасалған биология және биотехнология факультетінде күтеміз.

       Қызықты да керемет оқиғаларға толы студенттік жылдарға қош келдіңіздер!