Биология және биотехнология факультеті

Құрметті достар, біз сіздердің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңбиология және биотехнология факультетіне келгендеріңізге қуаныштымыз!Біздің факультет 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттіңбірі болып табылады. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды дайындау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес биология және биотехнология факультеті деп аталады. Бүгінгі күні бұл факультет ірі оқу-ғылыми орталығына айналған,оның 2 ҒЗИ-ында студенттер мен оқытушылар биология және биотехнология мәселелері, экологиямәселелері, сонымен қатар заманауи биология, экология, биотехнология, биомедицина, спортбағыты бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Факультет құрамында 4 кафедра бар:биоалуантүрлілік және биоресурстар, биотехнология, молекулалық биология және генетика, биофизикажәне биомедицина, сондай-ақ биоклиника және агробиостанция.

Факультеттің ерекше бөлімі – Биологиямузейінде бірегей зерттеу объектісіне жататын массалық, эндемик, сирек түрлердің 5 мыңнан астамэкземплярдан тұратын фонды бар. Қазіргі уақытта биология және биотехнология факультетінде 1300-денастам студент, магистрант және PhD докторант білім алады. Биолог, биотехнолог, эколог, балық өсірушіжәне спортшы мамандарын дайындауға жоғары маманданған оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер ұжымықатысады: 30 ғылым докторы, 80 ғылым кандидаты, 10 PhD. Магистранттар мен PhD докторанттар әлемдікжетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда тәжірибе жинақтайды. Жұмыс берушілер мен ҚР ҰлттықҒылым академиясы институттарының ірі ғалымдары мен жетекші мамандары студенттердің білім алуынақатысады.Факультет 1934 жылдан бері 13 мың маманды әртүрлі биологиялық ғылым саласы бойынша дайындады,олар ғылыми-зерттеу орталықтарында, өндірісте, республикамыздың орта және жоғары оқу орындарын да, алыс және жақын шетелдік білім беру мекемелері–Гарвард, Техас, Вирджиния, АҚШ, Франция, Канада,Ұлыбритания, Германия, Ресей университеттерінде қызмет атқарады. Факультет түлектері арасындамемлекет және қоғам қайреткерлері, сонымен қатар бизнесмендер де бар, олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмысберуші бола тұрып, сонымен қатар олардың оқу жоспарларын құруға, студенттерді үздіксіз практикадан өтугеқамтамасыз етуін белсенді атсалысады.

Факультет оқытушылары өздерінің белсенді халықаралық байланыстары нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі үшін әлемдік алдыңғы қатарлы ғылым орталықтары мен университеттерінде студенттерге 1-2 семестр оқуға мүмкіндіктер жасайды, ал ол оқу нәтижесі екі дипломдық бағдарлама бойынша, яғни студенттерге ҚазҰУ және шетел университеттерінің дипломын алып шығуға үлкен мүмкіндік береді. Факультеттің оқытушылары мен студенттері әрдайым шет тілі бойынша білімдерінжақсартуда, мамандық бойынша ағылшын тілінде оқытатын топтар құрылды. Жыл сайын факультетте 30-дан астам шетелдік университеттердің ғалымдары биология және биотехнологияның заманауи бағыттарыбойынша дәрістер оқиды және мастер-кластар жүргізіледі.

Біздің барлық студенттеріміз ғылыми жұмыспен айналысады және студенттер осы жұмыстары үшінтөлемақы алады әрі оларға ғылыми мәлімдемелерімен шетелде ғылыми конференцияларға, халықаралықолимпиадаларға барып қатысуға жағдай жасалған. Біз факультетімізде білім алып жатқан спортшыстуденттерімізбен университеттің ғана емес, сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанымыздың намысынқорғап жүрген халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, республикалық және халықаралық жарыстардыңжеңімпаздары, олимпиада жеңімпаздарымен мақтанамыз.

Құрметті талапкер! Егер де сіз сапалы білім алғыңыз әрі заманауи мамандықтардың иесі болғыңыз жәнемансаптық өсу сатысының әрдайым жоғарылауын қамтамасыз еткіңіз келсе, біз сізді сапалы білім мен ғылымизерттеулер жүргізуге барлық жағдайлар жасалған биология және биотехнология факультетінде күтеміз.

Қызықтыдакереметоқиғаларғатолыстуденттікжылдарғақошкелдіңіздер!

Биология және биотехнология факультетінің деканы 

б.ғ.д., профессор 

Заядан Болатхан Казыханұлы