Философия және саясаттану

 

Қымбатты достар!

Құрметті түлектер, ата-аналар!

Сіздерді мектепті табысты аяқтауларыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл сіздердің өмірлеріңіздегі ең маңызды кезең. Сіздердің алдарыңызда барлық әлемнің есігі айқара ашық. Сіздердің бойларыңызды ең керемет сезім, толқыныс - студент атану тілегі мен мүмкіндігі кернеуде.

Біз сіздерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне шақырамыз. ҚазҰУ студенті атану - бұл мақтаныш және жауапты іс. Біздің университеттің дипломы - халықаралық стандарттарға сай заманауи технологиялар негізінде білім беретін, жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшы, еліміздің ең мықты университетінің «бет-бейнесі». Біздің университетті таңдау арқылы сіз үлкен корпорацияның бір бөлігіне айналасыз. Табысты ЖОО - бұл тек талантты оқытушылар, жетістікке жеткен түлектер ғана емес, сонымен қатар ең ақылды студенттер.

Біз уақыт ағымымен бірге, кейде оны артқа қалдырып келеміз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің жетекші жоғары оқу орны деген атты мақтанышпен алып келеді. Бұған дәлел ретінде Ұлттық рейтингте бірінші және әлемдік QS WR рейтингінде 236 орынға ие болғанымызды мақтанышпен айта аламыз. 

Бізді таңдау арқылы сіз сапалы білім ала отырып, үлкен өмірге жолдама аласыз, өз мансабыңызды құра отырып, табыс пен атаққа қол жеткізе аласыз.

Индустриалды революцияда маманнан бірінші кезекте шеберлік талап етілді; постиндустриалды немесе ақпараттық қоғамда шеберлік технология мен компьютерлік құрылғыларды қолдана білу қабілеттермен бірікті. Бүгінгі таңда кәсіпқой маманның қызметіндегі жетекші рөлді әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар алатын дәуір келе жатыр.

Заманауи білім беру жүйесінде бастысы білімді жинақтап беру емес, өзінің білімін капиталға айналдыру дағдылары мен қабілетке үйрету, білім жүйесінде тез бағдар алуға, өз-өзінің білімін жетілдіру қабілетіне ие болу. Данышпандар «білімнің унциясы ақпараттың фунтына тең, ал түсіну унциясы - білім фунтына тең» деп тұжырымдаған. Басқаша сөзбен айтқанда, түсіну - білімді ұйымдастыру тәсілі, яғни, түсінікті білім тұлға қалыптасуы мен сапалы дамуының негізі. Белгілі миллиардер Марк Кьюбан Bloomberg TV арнасына берген сұхбатында болашақтың мамандығы туралы былай дейді: «Жақында жұмыс берушілер шығармашылық және сыни тұрғыда ойлай білетін мамандарды іздейтін болады... 5-10 жылдан соң гуманитарлық пән мамандарына деген сұраныс арта түседі... Философия ерекше сұранысқа ие болады».

Философия және саясаттану факультеті, мен таныстырып отырған, 10 мамандық бойынша мамандар дайындайды, Ресейдің жетекші университеттерімен бірге қос дипломды білім беру бағдарламасын, шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірге білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Біз үш тілде білім береміз. Біздің бағдарламаларымыз шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған, ақпаратты жаңа сапалы деңгейде алуға, жүйелік байланыстарды түсінуге көмектеседі. Факультет құрамындағы 6 кафедрадағы белгілі ғалымдар, тамаша педагогтар таңдаған мамандықтарыңызды жете меңгеруге, университет қауымдастығына тиесілі екендіктеріңізді сенуге көмектеседі. Тек бізде ғана кәсіби және өмірлік мәселелердің шешімін өзіндік шешу стимулдарын; интеллектуалды, мәдени, адамгершілік және физикалық дамудағы тұлғалық қасиеттерге қанағаттану сезімін сезіне отырып; өзіңіздің талантыңызды ашасыз; әлеуметтік өзгерістерге бейімделу дағдыларын үйреніп, мінез-құлықтың позитивті үлгілерін қалыптастырасыз. Біздің факультетте білім ала отырып, сіз ерекше университеттік кампуста өмір кешесіз.

Бүгінгі таңда сізде дұрыс таңдау және бізбен бірге өз болашағыңызды жасау мүмкіндігі бар.

Философия және саясаттану факультетінің

деканы, философия ғылымдарының докторы,

профессор Әлия Масалимова