Филология және әлем тілдері факультеті


Болашақ бастауындай,
Арманның асқарындай,
Білімнің ақ ордасын,
Таппайсың басқа мұндай.
Шырқайтын жалын әнім,
Өзіңсің бақ-ұраным.
Жүректің төріндегі,
Киелі шаңырағым.
Қайырмасы:
Бұл – Филфак!
Қыздары қылықты
Аялар жігітті.
Жігіттер бар және
Білімді, білікті.
Қатардан қалмаған,
Ән-жырын арнаған,
Биікке самғаған,
Жүрегі бар жандар,
Филфакты таңдаған.
Бұл біздің Филфак!
ҚазҰУым – қалашығым,
Айнымас дара шыңым.
Қанша жас тапты сенен,
Қөңілдің жарасымын.
Құшағың жатқан дарын,
Ғашықтар тапқан бағын.
Сарғаймас сағынышым,
Таусылмас тәтті арманым.