Достық көпірі қазақ пен корей елдерін жалғап тұр

05.08.2017

Алматыда «Әлемдік көп этникалық және мультимәдени дәуірде бейбіт өмір сүру, алмасу мен ынтымақтастық» атты 18-ші Бүкіләлемдік корей форумы өз жұмысын бастады. Форумды Қазақстанның корей қауымдастығы және Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас Консулдығының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Жаһандық корей қоры ұйымдастыруда.

Ары қарай оқу >>

«Жасыл экономикаға» жол салған университеттер одағы

28.07.2017

Әлем көз тіккен Астанадағы дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесі қыза түскен бұл күндері БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақты дамуы бойынша Жаһандық хабы болып табылатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Жаңа Жібек жолы университеттері альянсімен бірге ұйымдастырылған «Future Life, Future Leaders» атты халықаралық жастар форумы өтті. Болашақтың энергиясы тақырыбын арқау еткен ауқымды шараға Қытай, Ұлыбритания, Түркия, Египет және ТМД елдерінің жүзден астам студенттері қатысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ары қарай оқу >>

«Жасыл экономикаға» жол салған университеттер одағы

25.07.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қолдау мақсатында БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» Жаһандық Хабы ретінде ҚазҰУ жаңа Жібек жолы университеттер Альянсімен бірлесіп ұйымдастырған «Жасыл технологиялар: Қазақстан мен Орталық Азия Ұлы Жібек жолы бойында» атты халықаралық жазғы мектебі ашылды. Шілде айында Гонконг политехникалық университетінен бастау алған жазғы мектеп ендігі кезекте Қазақстандағы жетекші ЖОО-да өз жұмысын одан әрі жалғастырмақ.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ауқымды халықаралық жазғы мектеп шарасы өтуде

21.07.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін қолдау мақсатында БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» Жаһандық Хабы ретінде ҚазҰУ жаңа Жібек жолы университеттер Альянсімен бірлесіп ұйымдастырған «Жасыл технологиялар: Қазақстан мен Орталық Азия Ұлы Жібек жолы бойында» атты халықаралық жазғы мектебі ашылды. Шілде айында Гонконг политехникалық университетінен бастау алған жазғы мектеп ендігі кезекте Қазақстандағы жетекші ЖОО-да өз жұмысын одан әрі жалғастырмақ.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ға Ресейлік оқу орындар қызығушылық танытты

11.07.2017

ҚазҰУ-ға Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары – Томск политехникалық универси­теті, Мәскеу физика-техникалық институты мен Мәскеу политех­никалық университетінің делега­циясы арнайы іссапармен келді. 

Ары қарай оқу >>

Өнегелі өмірден сыр шерткен

07.07.2017

ҚазҰУ-да белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, көрнекті қоғам қайраткері Нұрлан Оразалиннің өмірі мен шығармашылығына орай жарық көрген «Өнегелі өмір» атты кітаптың тұсаукесері өтті. 

Ары қарай оқу >>

Ғалым әрі қайраткер

29.06.2017

ҚазҰУ-да «Өнегелі өмір» сериясымен академик, мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымының докторы, профессор Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың өмірі мен қызметі, ғылыми шығармашылық жолына арналған кітаптың тұсаукесері өтті. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Өнегелі өмір» сериясымен академик, мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымының докторы, профессор Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың өмірі мен қызметі, ғылыми шығармашылық жолына арналған кітаптың тұсаукесері өтті. 

Салтанатты шараны университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов құттықтау сөзімен ашып, мерейтой иесіне зор денсаулық, жемісті еңбек тілей отырып, аталған жинақтың тұсауын кесті.
– Бүгін біз өмірі өнегеге толы көрнекті ғалыммен кездесу кешін өткізіп отырмыз. Құрметті Асқар Алтынбекұлы! Сіздің ел үшін атқарған әрбір игілікті ісіңіз көпке үлгі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми Кеңесі сіздің еліміздің жоғары білім, ғылым саласына сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, мерейлі 80 жасқа толуыңызға орай «әл-Фарабидің үлкен Алтын медалімен» марапаттап, «Құрметті докторы» мәртебелі атағын беру туралы шешім шығарды. Сонымен қатар «Өнегелі өмір» сериясымен сіз жайында кітап шығаруды жөн санадық. Еңбегіңіз еленіп, халықтың ыстық ықыласына бөлене бергейсіз, — деді университет ректоры Ғ.Мұтанұлы.
Салтанатты шара аясында уни­верситеттің Бас ғылыми хатшысы Ләззат Шайкенова тәуелсіз еліміздің игілігін арттыру жолында ғылым, білім беру, қоғамдық және халықаралық мәндеттерді атқарып келе жатқан еңбегі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін техника ғылымының докторы, ҚР Ұлттық инженер акадмиясының академигі және Халықаралық инженерлік академиясының академиясының академигі Асқар Құлыбаевты алтын медальмен марапаттады. Сонымен қатар Асқар Алтынбекұлына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті докторы атағы берілді.
Шараға қатысқан мемлекет және қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев, «КазГор» жобалау академиясының президенті, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғұлов, «Алматы­құрылыс» Ұлттық холдинг компания­сының директоры Амангелді Ермегияев, Қазақ сәулет құрылыс академиясының президенті Әмірлан Құсайынов, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, педагогика ғылымының докторы, профессор Дина Жүсіпалиева және т.б. мерейтой иесін мерейлі 80 жасымен құттықтап, көрнекті ғалымға сый-құрмет көрсетті.
Кеш соңында мерейтой иесі жиналған жұртшылыққа рақметін айтып, университет жастарына ақ батасын берді.
Айта кетейік, аталған жинақ 3 бөлімнен және арнайы мұрағат құжатта­ры­нан жинақталған. Жинақта Асқар Алтынбекұлының «Сотвори себе имя» кітабынан ықшамдалып алынған өмірінің қызықты сәттерінен үзінділер, балалық, жастық шағы, ата-анасы, туып-өскен жері, отбасы, балалары мен немерелері туралы жүрекжарды естеліктері және өз қаламынан туған «Шүкір өлең» атты жүрекжарды жыры берілген. Сондай-ақ, бұл кітаптағы «Тау баласы тауға қарап өседі…» бөлімінде Асқар Құлыбаевпен кезінде бірге қызметтес болған, елге танымал тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің жылы лебіздері топтастырылған.
Ал, «Жыр-шашу» бөліміне балалық шағынан бірге өскен досы Ошақбай Рысбекұлының «Асыл досым – Асқарым», Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің «Сен нағыз азаматсың, биік туың», ақын Абдрахман Асылбектің «Алатаудың Асқары» және Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің «Қарсы бұтақ тәрізді қайсар аға» атты өлеңдері енген.

Ары қарай оқу >>

Pages