Ғылыми білім беру орталығы ашылады

20.09.2017

Көрулер: 753

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов Катар мемлекетінің Доха қаласына жұмыс сапарымен барып, білім министрі Мұхаммед әл-Хаммадимен жүздесті.

Кездесу барысында ҚазҰУ мен Катардың жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік мәселелері талқыланды. Катар университетінің прези­денті Хасан Дерхаммен кездесу барысында екі жақ жақын арада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде Қазақстан-Катар ғылыми білім беру орталығын ашу жөнінен өзара ын­тымақтастық туралы келісімге қол қоюға уағдаласты. Ғалым Мұтанов халықаралық танымал «Qatar Foundation» қо­рының құрамына кіретін Шейх Хамад бен Халиф атындағы университет пен «Carnegie Mellon» уни­вер­­ситетінде болды. Хамад бен Халиф атындағы университет пре­зиденті Ахмад Хасна исламдық қар­жыландыру мен аударма ісі салаларында ҚазҰУ-мен бірлесе отырып, білікті маман даярлау туралы айтса, Катар университетінің президенті Хасан Дерхам университетпен бір­лескен ғылыми-инновациялық ор­тақ жобалар әзірлеп, Катар қоры­ның қаржыландыруына ұсыну мүм­кіндіктерін қарастыруға дайын екен­дігін мәлімдеді. Кездесуде ислам өркениетін, араб тілі мен әде­биетін, мәдениетін, тарихын ғы­лыми тұрғыда зерттеу, исламдық білім беру саласында білікті мамандар дайындау және жаңа ғы­лыми инновациялық бағыттарда ортақ жобалар әзірлеу, Катар уни­верситеттерінің про­фес­сорларын ҚазҰУ-ге шақыру мәселелері де сөз болды. ҚазҰУ-ге бұған дейін әріптестік орнату мақсатында Орталық банк төрағасы Абдалла бен Сауда Әл-Тани басқарған Катар мемлекетінің делегациясы іссапармен келген еді. Ол ҚазҰУ-дің жетістіктері мен даму қарқынын, білім беру және ғылыми-зерттеу мүм­кіндік­терін жоғары бағалады. Кездесу ба­­­ры­­сында исламдық банкинг пен қар­жыландыруды дамытудағы әріп­тестік мәселесіне назар аударыл­ған болатын.