almatyjastary.kz

17.04.2019

Көрулер: 221

Қаз ҰУ қалашығындағы наурыз

Қыстың қытымыр аязынан аман өткен көшпенді қазақ аққа ауыз тигізер наурызды ерекше күтеді. Ұлыстың Ұлы күні оңтүстік астанада әлі де жалғасын тауып жатыр. Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде дүбірлі той өтті. Мерекелік шарада “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласының желісімен университеттің көркемдік ұжымы дайындаған музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетілді. Аталған қойылымда қазақ даласының атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам және Ұлы Жібек жолы секілді сайын даланың құндылықтары қамтылды. Қазақ жері- алма мен қызғалдақтың отаны екендігі де назардан тыс қалған жоқ.


Ұлы тариx пен қазақы дәстүрден қол үзбеген ҚазҰУ аумағында 25 киіз үй тігіліп, келген қонақтарға қызмет көрсетті.
Мерекелік шара таңғы 11де ҚазҰУ қалашығына “Алма бағын” отырғызудан басталған еді. Берекелі іске дипломаттық корпустың, xалықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік ғалымдар, университет ректоры Ғалым-Қайыр Мұтанұлы мен студенттер қатысты.
Мадина Оқас

https://almatyjastary.kz/news/12792/