Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, э.ғ.д., профессор м.а.

     Сағиева Римма Қалымбекқызы


 Құрметті достар, Экономика және бизнес жоғары мектебіне қош келдіңіздер! 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі – бұл:

  • 1943 жылы ашылып, 1963 жылы Алма-ата халық шаруашылығы институтының құрылуына негіз болған, Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын орын;
  • жыл сайын экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында факультеттен түлеп ұшатын 500-дан астам бакалавр, магистр және Ph.D. докторлары;
  • 20 ғылым докторы, 45 ғылым кандидаты мен 10 Ph.D. докторын қоса алғанда кәсіби біліктілігі өте жоғары профессорлық-оқытушылық құрам;
  • университеттің дәстүрлі болмысы мен оқытудың заманауи әдістерінің үйлесім табуы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы Экономика институтымен тығыз байланыста жүргізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми мектептердің сабақтастығына студенттерді белсенді қатыстыру;
  • еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көптеген отандық ғалымдар, беделді мемлекеттік қызметкерлер, табысты кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ректорлары, атақты спортшылардың қара шаңырағы;
  • қызықты іс-шараларға толы, мәнді әрі мағыналы студенттік өмір мен қолайлы кампус;
  • тұрақты түрде жүзеге асырылатын халықаралық жобалар мен шетелдік серіктес университеттерде білім алу мүмкіндігі.