геоморфология және картография кафедрасы

Кафедра тарихы Жер тұралы қазіргі ғылымның ең маңызды бағыттарының бірі – ол геоморфология. Біздің университеттің географтары, геоморфология және картография кафедрасы геоморфологияның теориялық және қолданбалы мәселелерінің дамуына, Қазақстан аймағы геоморфологиялық құрылысының зерттеулеріне үлкен үлес қосқан.

Геоморфология кафедрасы физикалық география кафедрасының негізінде 1974 жылы г.ғ.д., ҚР ғылымына еңбегі сіңген профессор М.Ж Жандаевдың ұсынуымен ашылған. Қазақстанда жалғыз геоморфология кафедрасының бірінші меңгерушісі болып профессор М. Ж. Жандаев тағайындалды (1974 - 1988). Мұқатай Жандаевич Жандаевтың әрекетімен мамандықтардың дайындығын жоғары деңгейде жүргізе алатын, жұмысқа қабілеті жоғары пікірлестер тобы қалыптасқан.

Тәжрибелі оқытушылармен бірге (доценттер К.З. Стариков, В.Д.Колодько., А.М. Нысанов, Ю.А. Богомяков., Т.Д.Срайылов, Веселова Л. К., профессорлар С.А.Құсаинов, Н.Сеітов және басқалар) мәскеулік (г.ғ.к. В.В.Сливкин, г.ғ.к. Р.Т.Бексеитова, г.ғ.к. И.Н. Шмарова) және қазақ (г.ғ.к. Ә.Ғ.Көшім, г.ғ.к. А.Е.Намазбаева, Ғ.С.Алиаскаров) мектептерінің геоморфологтары жұмысқа шақыртылды.

Әр жылдары кафедраны меңгергендер: доцент Л.К. Веселова (1988-2000 жж.), профессор Медеу А.Р. (2000 – 2001жж.), доцент Құанышбаев С.Б. (2002-2004 жж.). доцент Бексеитова Р.Т. (2004-2008 жж.). 2008 жылдан қазіргі кезде кафедра меңгерушісі - г.ғ.к., доцент Н.Н.Керімбай

Осы уақытқа дейін кафедра 650-н астам геоморфологтар мен картографтар мамандарын дайындап шығарды, оның ішінде – 60 магистранттар. Кафедра түлектерінің 30 пайызы оқуды үздік дипломммен бітірді. Оныі ішінде лениндік стипендиаты – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің сыртқы бөлімінің деканы Б.Құдайбергенов, сонымен қатар, Валиханов және басқа да стипендиаттар. 1976 ж. геоморфолог топтарына «Киров», ал 1978 ж. «Валиханов» атақтары берілді. Кафедраның 35 астам түлектері ғылыми кандидаттары атағына ие болды, ал 1977 жылғы түлегі г.ғ.д., профессор А.Р.Медеу қазіргі кезде ҚР БҒМ География институтының директоры болды. Осының барлығына кезінде студентердің «Геоморфолог» ғылыми-зерттеу ұйымына, кафедраның ғылыми экспедицияларына катысуы әсер етті.

Сонымен қатар, 1988 жылы кафедра «Картография» мамандығы бойынша дайындықты бастады. Осы уақтытқа дейін біздің республикамызда жоғары дәрежелі картографтар дайындалған емес. Осыған байланысты халық шаруашылығының әртүрлі саласы картографтар мамандарын өте қажет етеді.

2002 жылы «Картография» мамандығы бойынша 13, ал 2008 жылы «Картография» және «Геодезия және картография» мамандықтары бойынша – 90 адам бітірді.

Бүгінгі таңда кафедра Қазақстан Республикасындағы «Геодезия және картография» бойынша мамандарын дайындайтын негізгі ұйым болып келеді.

Оқу-әдістемелік жұмысы Кафедрада талапқа сай керекті тізім бойынша барлық оқу-әдістемелік құжаттар бар:

«011100-Картография», "050711-Геодезия и картография" МББС –тар (мемлекеттік стандарт) ( екі тілдің қағаз және электронды түрінде).

Есептік мамандықтар бойынша типтіқ және жұмыс оқу жоспарлары, және оларға қосымшалық ЖМП, БП және МП циклдарының «ЖОО компоненті» бойынша арнайы курстар тізімі.

Кафедраның барлық пәндері бойынша типтік бағдарламары бар :

“Картография” мамандығы бойынша БП мен ПП циклдерінен "Міндетті компоненті" пәндерінің типтік бағдарламалары ММУ (МГУ) типтік бағдарламаларына сүйеніп жасалған (типографиялық түрінде шыққан тип. бағдарламалардың жинақтары);

«050711-Геодезия және картография» мамандығы бойынша типтік бағдарламалар жинағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Сәтбаев атындағы ҚазҰҮ оқытушыларымен жасалынып шығарылған, себебі осы мамандық бойынша ОӘБ аталғын жоғары оқу орнында орналасқан.

Ғылыми - зерттеу жұмысы Кафедраның жоспарлау және есеп құжаттарында ОПҚ-ның ғылыми жұмыстарының нәтижелері мен студенттердің ҒЗЖҚ енгізілген. Кафедра оқытушылары мен студенттер жыл сайын өтетін ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып отырады.

ҒЗЖ жоспарларында кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары белгіленеді. Кафедпаның ҒЗЖ екі негізгі (фундаменталды) тақырыптар бойынша жүргізіледі: “Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тауаралық ойыстардың қолайсыз экологиялық-геоморфологиялық үрдістерді картографиялау” (жетекшілері – доц. Веселова Л. К., аға оқыт. Намазбаева А. Е.), “Қазақстан территориясындағы экологиялық-геоморфологиялық үрдістердің даму заңдылықтары және оларды картографиялау” (доц. Бексеитова Р. Т., доц. Кушимова А. Г.). Әрбір оқытушы өз ғылыми зерттеу жұмыстарын кафедраның ғылыми бюджеттік тақырыпқа сай және өз ғылыми бағыттарына сай орындайды. СҒЗЖ- да осы бағытта жүргізіледі. Кафедраның ғылыми тақырыптары не Министірлікпен, не қандай болмасын мемлекеттік немесе халықаралық мекемемен ақшалай қамтамасыз етілмейді. Кафедраның жеке оқытушылары (Веселова Л. К., Намазбаева А. Е., Имангалиева М. Ж.) ҚР Б ж/е ҒМ "Экологический атлас Казахстана" атты жобасына қатысып отырды (негізгі орындаушы – ҚР Б ж/е ҒМ География институты). являясь соисполнителями главного исполнителя – Института географии. Жобаның орындалуы 2004-2008 жылдарға жоспарланған.