Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi


10.10.2016 жыл. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VIII Республикалық пәндік олимпиадасында Аблаева Райхан І-ші орын алғаны үшін марапатталды.


2016 жылдың 5 – наурызында кафедра доценті Әрінова Бақыт Айтуқызы Қазақстан Республикасының ел тәуелсіздігіне қосқан ерен еңбегі үшін   Бауыржан Момышұлы атындағы « Батыр шапағаты » медалімен марапатталды.

2016 жылы университетімізде өткен III Халықаралық Фараби оқуларының студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі » атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясында белсенді қатысқаны үшін 3 курс студенті Данике Құралайға факультет деканы Масалимова Алия Рымғазықызының атынан сертификат табысталды.

2017 жыл 23 сәуірде « Астана 2017 » Дүниежүзілік көрмесіне арналған студенттер мен жас ғалымдардың « Фараби әлемі » атты халықаралық ғылыми конференциясында педагогика және психология секциясы бойынша Серікова Камиля II - дәрежелі дипломмен марапатталды.


2017 жыл 27-28 сәуірде, «Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамандығы бойынша V Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында I орын алғаны үшін Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Ізгілік әлемі» командасына алғыс хат табысталды.


2017 жыл 31 – мамырда кафедра доценті Оңалбеков Ернар Сейткерімұлы   « Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы   Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы » атындағы мерейтойлық медальмен марапатталды.

2018 жылдың қаңтар айында кафедра профессорлары Таубаева Шаркүл Таубайқызы және Әлқожаева Нұрсұлу Сейіткерімқызы "ЖОО үздік оқытушысы-2017" байқауының жеңімпаздары атанды.


2018 жылдың ақпан айында кафедра аға оқытушысы Ертарғынқызы Динара 6D012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша PhD докторы дәрежісін алды.