Жатақханалар

ҚазҰУ – бұл студенттер қаласы. Мұнда республикамыздың барлық ауданынан жастар білім алады. 5 мыңнан астам студенттер жалпы аумағы 81 000 шаршы метр болатын ҚазҰУ қалашығының барлық талаптарға жауап беретін 14 жайлы студенттер үйінде тұрады. Сіздерді әрбір студенттер үйінде жылы атмосфера мен жылы қоныс күтеді.

Жатақханаларда тұратын студенттердің барлық шоғырлы мәселелерінің шешімін табу мақсатында арнайы студенттік өзіндік басқарудағы – Жоғары студенттік жатақхана кеңесі атты ұйым жұмыс атқарады. Ол студенттерді жатақханаға орналастыру және іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.

ҚазҰУ-ның студенттік үйлерінде және студенттік кампустарында сымсыз желі ғаламтор WI-FI-ға қолжетімділік бар. Университет қалашығы аумағында білім алу мен демалысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін толық кешен жұмыс істейді: дене шынықтыру залдарымен, спорттың алаң және секцияларымен керемет спорт кешен, барлық білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, сауда-көңіл-көтеру қызметтерімен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, білім алушыларды қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ететін, оқу залдарының желісі бар мықты кітапхана, 300 орындық ғаламтор-кафе, өзіндік жеке кинотеатр.

ҚазҰУ студенттер үйі студенттер тұруына қажетті барлық қолайлығы, қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Жатақханаларда тұруға, оқуға және демалуға барлық жағдай жасалған. Жатақханаларда көп көңіл демалыс пен сабақ қарауға жағдай жасауға бөлінеді. Жатақханаларда оқу үшін арнайы оқу залдары мен компьютерлік сыныптар жасақталған. Мәжіліс залы әртүрлі іс-шараларды өткізуге арналған. Жатақханаларда азық-түлік дүкендері, асхана, бірнеше дәмханалар, телефон шоттарын толтыру терминалдары, көшірме орталықтары бар. Жатақхана ғимараты жанында спорттық және көңіл-көтеру алаңдары мен футбол алаңдары жабдықталған.

Студенттік үйлер бақылау камераларымен жарақтандырылған. Бейне бақылау әрбір қабатта жүргізіледі және күзет қызметімен бақыланады. Жатақханада тұратындар электронды рұқсат арқылы кіреді. Студенттік үйлер аумағында сағат түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін күзетшілер кезекшілік етеді.

Университет барлық жатақхана қажет етушілерді орынмен қамтамасыз етуге тырысады. Студенттік үйлер ҚазҰУ кампус аумағында орналасқан. Жатақханаға орналастыру туралы барлық сұрақтар бойынша факультеттерден мәліметтер ала аласыздар. Студенттік үйлерге орналастыру жыл сайын 25-ші тамыздан басталады.

Жатақханалар телефондары