У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы

У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның университеттік кешеніне кіретін коцерттік зал. У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы мәдени-ойын-сауық бағытындағы нысандар арасында үлкендігі жағынан Республика сарайынан кейінгі екінші орында.

Студенттер сарайының басты міндеттерінің бірі – студенттер мен жастардың әртүрлі мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, өзіндік шығармашылықтарын дамыту.Студенттер бос уақытын Қазақстандағы ең әдемі концерт залдарының бірі - Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайындағы көркем-өнерпаздық үйірмеде өткізеді. ҚазҰУ-дың Студенттер сарайы - 1620 орны бар, 14290 ш.м. ауданды ерекше кешен.

Сарай сахнасында салтанатты, мерекелік және мәдени шаралар, концерттер, айтыстар, КТК өтеді. Студенттер сарайында жас таланттардың сахнада ашылуына, өздерін көрсетуге мүмкіндік беретін «Бақыт» би ансамблі, студенттік драмалық «Біз» театры, "Фараби сазы" атты халық аспаптар оркестрі бар.

У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында студенттік көркем үйірмелер бар: би үйірмесі, театр үйірмесі, вокал үйірмесі, оркестр үйірмесі.

Студенттер сарайының студенттік клубы және әкімшілігі күнделікті 9.00 ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді (жексенбіден басқа күндері).

Қазіргі таңда У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының шығармашылық ұжымы оңтүстік астананың студенттернің мәдени орталығына айналу туралы жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыруда.

Байланыс нөмерлері:

У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының директорының қабылдау бөлімі: 8 (727) 377 34 03

билеттерді сатып алу бойынша барлық сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласа аласыздар: 8 (727) 274 20 62