Кафедра жетістіктері

   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
  Бүгін, 2018 жылдың 27 ақпанында Жакебаев Д.Б. механика-математика факультетінің деканы мен ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Тукеев У.А. атынан  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультеттері арасында «Студенттік көктем» жыл сайынғы байқауына белсене қатысқан математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасының студенті Кенжекова Молдир факультеттің дамуына қосқан үлесі үшін сертификат алды.
   15.02.2017 , сағат 17:00 де Механика-математика факультетінің сары залында "Қызыққа толы мех-мат" атты сайыс өтті. Информатика, Математика, Механика, МКМ мамандығынан 4 топ қатысып, Математика мамандығының студенттері І орын, МКМ студенттері ІІ орын, Информатика студенттері ІІІ орынға ие болды. Жанкүйерлер арасында да сайыс жүргізіліп, жеңімпаздарға кішігірім сыйлық берілді
2018 жылдың 14-15 ақпанында Астана қаласында «Рухани жастар - Болашаққа басстары Жол» тақырыбында семинар өткізілді, онда механика-математика факультетінің студенттік декан Қылышбай Алуа университеттің басқа белсенділерімен бірге болды. 
МКМ мамандығының 2 курс студенті Макулбек Асылан «Алгебра, логика және геометрия» олимпиадасында екінші орынды иеленді. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ресей халықтар достығы университеті (Мәскеу, Ресей) магистратурада «Қолданбалы математика және информатика» қос дипломды білім беру бағдарламасын ашып, іске асырады. 
2017 жылдың 2 ақпанында механика-математика факультетінің деканы Жакебаев Д.Б. ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректорының атынан оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Тунгатаров Нурмат Нұрғазыұлына алғыс хат табыс етті.

Профессор Хаджиева Леля Азретовна 2013 жылдың “Үздік оқытушы ” атағының иегері.


Профессор Шакенов К.Қ., профессор Даирбаева Г., доцент Каримов А. «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне 80 жыл» Медалімен марапатталды.


Кафедра меңгерушісі, PhD доктор, доцент Жакебаев Даурен Бахытбекулы 2014 жылдың “Үздік оқытушы ” атағының иегері.