Кафедраның тарихы

Ботаника және экология, зоология және гистология кафедрасының бірігуінен биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы қалыптасты.

Ботаника кафедрасы университеттің бұрынғы кафедралардың бірі, ол 1934 жылдың 1 қаңтарында құрылған.Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып профессор П.М. Мищенко тағайындалған. Ол биология факультетінің бірінші деканы болған, кафедраның ғана емес, сондай-ақ жалпыфакультеттің ұйымдасқан сауалдарымен белсенді айналысқан. Осы уақытқа дейін профессор П.М.Мищенкомен «Геоботаника», «Дәрілік өсімдіктер», «Шалғындық өсімдіктер» пәндері бойынша жұмысжоспарлары өңделіп жасалды. Кафедрада К.Ю. Чехович, М.Г. Попов, Г.Н. Невадовский жұмысістеді.1935-1938 жылдар аралығында кафедраға профессор А.С. Лазаренко шақырылды. Оның келуімен ботаника кафедрасы базасында жеке екі кафедра ұйымдастырылды: жоғары сатыдағы өсімдіктерсистематикасы кафедрасы және төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы кафедрасы. Төменгі сатыдағыөсімдіктер систематикасы кафедрасын профессор Н.В. Павлов басшылыққа алса, ал жоғары сатыдағыөсімдіктер систематикасы кафедрасын – профессор А.С. Лазаренко басқарды.1940 ж.күзінде екіботаникалық кафедра «Ботаника кафедрасы» жалпы атауымен қайтадан біріктірілді.

Кафедраны профессор Н.В. Павлов меңгерді.1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысы жылдарында кафедраныңоқытушылық құрамы біршама өсті. Оның құрамында проф. Н.В. Павловтан басқа: доценттер С.Р. Шварцман,Н.Г. Агеева, ассистенттер: В.С. Корнилова, М.Н. Кузнецова, В.Г. Хржановский және 1939 жылдан - Б.А. Быков кірді.

Профессор Бартенев Александр Николаевич 1934-1936, Профессор Домбровский Бронислав Александрович 1937-1939 Доцент Хусаинова Нагимэ Замалиевна 1936-1939

 1947 жылы С.Р. Шварцман докторлық диссертациясын Ленинградта қорғады. Сол жылдан бастап ол кафедраны басшылыққа ала бастады және 1947 жылдан 1961 жыл аралығында жалпы алғанда 14 жыл бойы кафедраны басқарды. Соның артынан жарияланған жұмыстардың жиынтығы бойынша В.С. Корниловаға биология ғылымдарының докторы дәрежесі беріледі, Б.И. Тарабаев пен Р. Я. Абузяров биология ғылымдарының кандидаты ізденушілік ғылыми дәрежесіне диссертациясын қорғайды.

Кафедраның жалпы кадрлық құрамында жоғары білікті ботаник мамандарды дайындауда ғылым докторлары, профессорлар ауқымды үлес енгізді. Профессор В.С. Корнилованың басшылығымен кафедраның 9 түлегі кандидаттық диссертациясын қорғады, олардың үшеуі соңында ғылым докторлары болды: олар Л. Ю. Буданцев, Н. М. Макулбеков және П. В. Шилин, алғашқы екеуі қазіргі кезде Ресейде тұрады және еңбек етуде. Әр жылдары кафедраны басқарғандар: 1961-1964 жж., 1975-1980 жж. Б. И. Тарабаева; 1964-1973 жж. проф. В. С. Корнилова, 1973-1975 жж. проф. И. О. Байтулин, 1980-1984 жж. доц. П. М. Мырзакулов, 1984-1989 жж. проф. С. А. Бедарев, 1989-2005 жж. проф. Н. М. Мухитдинов.

Кафедра және факультет үшін академик И. О. Байтулинның сіңірген еңбегінің маңызы ерекше. Биология факультетінің деканы (1967-1975) және сонымен қатар ботаника кафедрасының меңгерушісі бола жүріп, И.О. Байтулин кафедрада жаңа ұйымдасқан бағыттар бойынша мамандарды дайындауда ауқымды жұмыстарды жүзеге асырды. 1963 жылы өсімдіктердің тамырмен қоректенуін зерттеу бойынша лаборатория ашылды, мұнда ризология саласында мамандарды дайындауды жүргізді.

60-жылдардың басында Қазақстанда ризологиялық – ботаникалық зерттеудің жаңа бағыты пайда болды. Оның негізін қалаған академик И.О. Байтулин болды, соның іске асуы бойынша Қазақстанда «Ризологтар» мектебін құрды. Мұны растайтын 1991 жылы қыркүйектің 2-нен 6-сы аралығында Венада өткен ризологтардың III-ші халықаралық симпозиумында Қазақстаннан 10-шақты ризологтардың (олардың арасында 4 доцент кафедрадан) қатысуы болып табылады.

Әр жылдары кафедрада жоғары білікті ботаник, геоботаник, флорист мамандар жұмыс істеді: Н. Т. Агеева, Р. Я. Абузярова, М. Х. Хажмуратов, С. Б. Беспаев, Э. Р. Орловская, Н.В. Чечелева, И.Н. Головенко, Н.Х. Еремина, Л.Б. Ергалиева, Л.Т. Токбулатова, Б.Г. Валиханов, О.М. Бедарева, С.Т. Айтакова (Бекмуратова), М.С. Байтенов, С.А. Абиев, Н.К. Аралбаев.

Қазақстан Республикасының дербес қалыптасу жағдайында және шаруашылық нарық жүйесіне өту кезінде университет алдында жаңа күрделі міндеттерді шешуге бейімделген мамандарды дайындау, шиеленіскен мәселелердің бірі болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мамандарды дайындауда екі деңгейлік жүйеге көшті: бакалавриат және магистратура. Осыған байланысты кафедраның профессор-оқытушылық құрамы бірінші, тіпті екінші деңгейлік білімге арналған жаңа білікті сипаттамаларды, оқу жоспарларын, типтік және жұмыс жоспарларын құруда белсенді түрде қосылады. Бұл күрделі және жауапты міндет осы күнгі кафедраның профессор-оқытушылық құрамының толықтай күшінде болды: б.ғ.д., доцент Айдосова С.С. (кафедра меңгерушісі), б.ғ.д., профессор Н. М. Мухитдинов, б.ғ.д., профессор С.Г. Нестерова; доценттер: А. А. Аметов, Г.Н. Паршина, С.Т. Назарбекова, Б.К. Касымбеков, оқытушылар: А.Ж. Чилдебаева, Н.З. Ахтаева, Б.М. Тыныбеков.

ҚазҰУ зоология кафедрасының ресми ашылуы 1934 жылдың 15 қаңтарында болды.Оның қызметкерлері әр кезеңдерде кафедраны басқарды: академик КСРО ҒА, б.ғ.д., профессор А.Н. Бартенев; академик АН КазКСР, б.ғ.д., профессор Б.А. Домбровский; б.ғ.д, профессор А.С. Космачевский; м.ғ.д., профессор П.О. Исаев; б.ғ.д., профессор А.А. Емельянов; аға оқытушы В.С. Бажанов; академик КСРО ҒА, б.ғ.д., профессор В.А. Догель; б.ғ.д, профессор. И.Г. Галузо; б.ғ.д, профессор Н.З. Хусаинова; б.ғ.д., профессор В.А. Хахлов; б.ғ.д., профессор В.В. Шевченко; б.ғ.к., доцент М.К. Джумалиев; б.ғ.д., профессор В.П. Митрофанов; б.ғ.к. А.Ф.Сидорова; б.ғ.к., доцент М.Е. Дильмухамедов; б.ғ.к., доцент К.Б.Олжабекова, б.ғ.д., профессор И.С.Колбай, б.ғ.д., профессор С.Т.Нуртазин

23 қаңтар 1934 жылы алғашқылардың бірі болып Зоология кафедрасы құрылды. Дегенмен де зоологтарды дайындауда тіпті 1934 жылы 26 шілдеде үш кафедра жүзеге асырыла бастады. Бірінші кафедра – Омыртқасыздар зоологиясы меңгерушісі – проф. А.Н. Бартенев (1934-1936), доц. З.М.Хусаинова (1936-1939) және қайтадан проф. А.Н.Бартенев (1939-1941) болды. Екіншісі Салыстырмалы анатомия және гистология (алғашқыда Адам анатомиясы және антропология кафедрасы болып аталған) кафедрасы болды, бұл кафедраны проф. П.О.Исаев (1934-1937), проф. Б.А.Домбровский (1937-1939) және проф. М.В.Пилат (1939-1941) басқарды. Үшінші кафедра Омыртқалылар зоологиясы меңгерушісі Б.А.Домбровский (1934-1937), аға оқытушы В.С.Бажанов (1938-1939) және проф. А.А.Емельянов (1940-1941) болды.

Бұл үш кафедра 1941 жылға дейін жұмыс жасады, сонымен соғыс жылдарында олар Зоология кафедрасына біріктірілді, кафедраны меңгерген проф. А.Н. Бартенев (1941-1945), проф. В.А. Догель (1942) болды.

1946 жылы Зоология кафедрасы қайтадан екі байланысты кафедраға бөлінді: Омыртқалылар зоологиясы – кафедра меңгерушісі Н.З. Хусаинова (1946-1947), проф. А.С.Космачевский (1947-1951) және қайтадан доц. З.М. Хусаинова (1951-1956) болды. 1947 жылдан 1951 жыл аралығында Омыртқалылар зоологиясы кафедрасын меңгерген проф. В.А. Хахлов болды, ал ол кеткен соң кафедраны 1956 жылға дейін басқарған Б.А. Домбровский басқарды.

1956 жылы омыртқасыздар Зоологиясы мен омыртқалылар Зоологиясы қайтадан біріктірілді: Зоология кафедрасы құрылып, 13 жыл бойы проф. Б.А. Домбровский жетекшілік етті.

1961 жылы профессор Н.З.Хусаинованың бастамасымен Зоология кафедрасынан Ихтиология және гидробиология кафедрасы бөлініп шықты. 1965 жылы академик Б.А.Домбровскийдің бастамасымен Зоология кафедрасынан Гистология және цитология кафедрасы бөлініп шығып, доцент Ф.Х. Халилов жетекшілік етсе, ал 1966 жылы - профессор Т.М. Масенов басқарды.

Академик Масенов Т. М.  с сотрудниками кафедры

Лучшая группа кафедры

50-ші жылдардың соңында 60-шы жылдардың басында Зоология кафедрасынан биологияға биофизикалық бағытты дамытуға арналған жағдайлар жасалды. Б.А. Домбровскийдің бастамасы бойынша электронды микроскопиялық лаборатория құрылды, мұнда үлкен ынтамен ізденіс жұмыстарын студент-зоологтар: В.М. Инюшин, Н.Воробьев, К.А. Сапаров және басқалары жүргізді.

1978 жылы Зоология кафедрасы мен Ихтиология және гидробиология кафедрасы кезекті қайта ұйымдастырылуға ұшырады: олар жалғыз Зоология және ихтиология кафедрасына біріктіріледі (кафедраның меңгерушісі профессор б.ғ.к., В.П. Митрофанов). 2002 жылдың ақпанынан 2006 жылдың қыркүйек айы аралығында кафедраны б.ғ.к., доцент К.Б.Олжабекова жетекшілік етті.

2006-2007 жылы кафедра меңгерушісінің атқарушылық міндетін б.ғ.д., профессор И.С.Колбай атқарды. 2007 жылы қыркүйек айында Ғылыми Кеңестің шешімімен зоология және ихтиология кафедрасы мен цитология және гистология кафедрасында бірлестіктер орын алды. Біріктірілген кафедра зоология және гистология кафедрасы болып аталды. Кафедраның меңгерушісі болып б.ғ.д. профессор С.Т. Нуртазин сайланды. Сол себепті екі кафедраның ғылыми бағыттары көп жағдайда сәйкес келетіні ескерілді, сонымен қатар цитология және гистология кафедрасы өз уақытында зоология кафедрасынан бөлініп шықты.

2011-2014 жылдар аралығында биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушілік міндетін б.ғ.д., профессор Айдосова Сауле Сагидуллаевна атқарды.

2014-2016 оқу жылында кафедраның меңгерушісі болып б.ғ.д., профессор Канаев Ашимхан Токтасынұлы басшылық етті.

2016 жылдан бастап биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушілісі болып, б.ғ.д., профессор Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы тағайындалды