Факультет жетістіктері

 

 

Халықаралық аккредитация, сертификация және сапа кепілі (ASIIN)  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Химия және химиялық технология",  "Педагогикалық химия", мамандықтары бойынша бакалавр бағдарламасын қабылдады. Аккредитация мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйекке дейін.

 

Халықаралық аккредитация, сертификация және сапа кепілі (ASIIN)  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Химия және химиялық технология", "Химия" , мамандықтары бойынша бакалавр бағдарламасын қабылдады. Аккредитация мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйекке дейін.

 

Халықаралық аккредитация, сертификация және сапа кепілі (ASIIN)  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Химия және химиялық технология" , "Педагогикалық химия", мамандықтары бойынша магистратура бағдарламасын қабылдады. Аккредитация мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйекке дейін.

 

Халықаралық аккредитация, сертификация және сапа кепілі (ASIIN)  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Химия және химиялық технология", "Химия" , мамандықтары бойынша магистратура бағдарламасын қабылдады. Аккредитация мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйекке дейін.

 

                               ҚазҰУ ұжымын жаңа жетістікпен құттықтаймыз!

 

     QS агенттігінің тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша ҚазҰУ

«QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз»

үстемдікбелгісін иеленген Қазақстан ЖОО-лары арасындағы бірінші және Орталық Азия

аймағындағы жалғыз университет.

                                                                                                                                                                          
                                                                                                      
 

Факультет профессорлары ҚР БҒМ алғыс хаттарымен марапатталды

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің 2017 жылдың

15 желтоқсанындағы бұйрығымен ҚР білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор

жеке үлесі үшін физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының

профессоры Ж.Қ.Қайырбеков пен осы кафедраның меңгерушісі

Е.А.Әубәкіров алғыс хаттармен марапатталды. Әріптестерімізді жетістіктерімен

құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!

                                                                                                                                                          
                                                                                                      
                

"Ең үздік жас ғалым"

Байматова Насиба Хикматуллаевна әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

"Ең үздік жас ғалым" ДИПЛОМЫМЕН марапатталды     

                                                                                                                                                                                                                                                       
                                                                                                       

Химикаттар өндірісі бойынша ИИМДБ зертханасы аттестациядан өтті

2016 жылдың 28 желтоқсанында «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетіне өнеркәсіп және агрохимия үшін химикаттар өндірісі зертханасындағы өлшем жағдайын бағалау туралы № 70-16 куәлік берді. Бұл зертхана Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасының қолдауымен құрылған болатын. Куәлік зертханаға бекітілген қызмет саласындағы өлшемді (сынауды) орындауға қажетті жағдайлардың бар екендігін растайды.

ИИМДБ бойынша факультетте магистрлерді даярлау туралы толық мәлімет декан Е.К. Оңғарбаевтың 2017 жылдың 19 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласында жарияланған.

Жас ғалымдардың мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы - 2017

2017 жылы 25 наурызда «НұрScience» ғылыми-әдістемелік жоғары мектебі (Ақтөбе қ.) ұйымдастырған «Евразийский мир в научном поиске молодежи» жас зерттеушілердің І халықаралық конкурсында факультеттің 3-курс докторанты Тайрабекова Самал – 1-орын иеленді, Нуралиев Равшан – «Креативті зерттеуші» номинациясында жеңімпаз атанды.

2017 жылы 31 наурызда өткен республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында «Химия» бағыты бойынша – Жолдас Ерасыл - 1-орын, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша (Шымкент қ.) – А.Н.Нургалиева – 1-орын, Е.Бахытжан – 3-орын иеленді.

Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын!

Студенттердің республикалық пәндік олимпиадалары - 2017

2017 жылы 29-31 наурызда өткен студенттердің республикалық пәндік олимпиадаларында жеңімпаз және жүлдегер атанған факультет студенттерінің командаларын құттықтаймыз! «Химия» мамандығы бойынша – ҚазҰУ командасы 1-орын, Әліпұлы Әлһам – 1-орын.

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша – ҚазҰУ командалары 1- және 2-орын.

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша (Шымкент қ.) - ҚазҰУ командасы 2-орын, Жаулыбаева Малика – 1-орын, Жумабай Нұрсая, Шамуратов Темур – 3-орын.

Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын!