Факультет тарихы

1934 ж.

Химия факультеті ашылды.

1934-1938 жж. Факультеттің ұйымдастырушысы және алғашқы деканы ҚазКСР ҒА академигі Ә.Б. Бектұров болды. Ол Кеңес Одағының ірі қалаларынан жас талантты мамандарды факультетке шақырды.

1934 ж.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны ҚазКСР ҒА академигі Ә.Б. Бектұров, ҚазКСР ҒА корр.-мүшесі Б.А. Бірімжанов, профессорлар Н.Н. Нұрахметов, Р.Ш. Еркасов, М.М. Бүркітбаев, Г.В. Абрамова, доц. А.И. Ниязбаева басқарды. Қазіргі меңгерушісі – х.ғ.к. Б.М. Уралбеков.

1934 ж.

Аналитикалық химия кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны М.И. Саенко, ҚазКСР ҒА академигі М.Т. Козловский, профессорлар А.И. Зебрева, Т.З. Ахметов, М.К. Наурызбаев, Д.Х. Қамысбаев басқарды. Қазіргі меңгерушісі – Х.С. Тасибеков.

1934 ж.

Органикалық химия кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны доц. И.Я.Григоренко, И.И.Штакельберг, КСРО ҒА академигі Н.Н. Ворожцов, ҚазКСР ҒА корр.-мүшесі И.Н. Әзербаев, проф. Т.К. Чумбалов, ҚазКСР ҒА корр.-мүшесі А.Ш. Шарифканов, профессорлар К.Х. Токмурзин, Т.М. Туреханов, Ш.С. Ахмедова, С.Х. Алимжанова, К.Б. Ержанов, Г.Ш. Бурашева, Ж.А. Әбілов басқарды. Қазіргі меңгерушісі - проф. Г.А. Мун.

1937 ж.

Физикалық химия кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны А.Н. Никишин, Н.А. Бушмакин, Л.И. Штифман, ҚазКСР ҒА академигі Д.В. Сокольский, А.И. Шлыгин, КСРО ҒА корр. мүшесі А.В. Думанский, ҚазКСР ҒА академигі М.И. Усанович, доц. Е.К. Пичугина, профессорлар Х.К. Оспанов, Д.Х. Қамысбаев, М.Қ. Алдабергенов басқарды. Қазіргі меңгерушісі Е.А. Аубакиров.

1938-1944 жж. Факультет деканыКСРО ҒА академигі Н.Н.Ворожцов.

1938 ж.

Алғашқы аспиранттар қабылданды.

1944-1946 жж. Факультет деканы ҚазКСР ҒА корр. мүшесі И.Н. Әзербаев.

1944 ж.

Катализ және техникалық химия кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны ҚазКСР ҒА академигі Д.В.Сокольский, доц. К.К.Джардамалиева, ҚР ҰҒА академигі Қ.А.Жұбанов, х.ғ.д. Е.А. Аубакиров басқарды. 2011 жылы физикалық химия кафедрасымен біріктірілді.

1946-1948 жж. Факультет деканыҚазКСР ҒА академигі М.И. Усанович.

1948-1950 жж. Факультет деканы - проф. А.И. Шлыгин.

1950-1953 жж. Факультет деканыҚазКСР академигі М.Т. Козловский.

1953-1954 жж. Факультет деканы - доценттер С.Т. Омаров, К.А. Крупенникова.

1954-1980 жж. 26 жыл бойы факультет деканы ҚазКСР ҒА корр.мүшесі Б.А. Бірімжанов болды. Оның жетекшілігімен 6 кафедра және мәселелік зертханалар ұйымдастырылды. Факультет білім беру деңгейі бойынша КСРО-да Мәскеу және Ленинград мемлекеттік университеттерінен кейін 3-орында болды.

1957 ж.

Кешкі бөлім ашылды.

1958 ж.

Сирек элементтер химиясы кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны ҚазКСР ҒА корр.-мүшесі О.А. Сонгина, профессорлар В.А. Захаров, Н.С. Шарипова басқарды. 1995 жылы аналитикалық химия кафедрасымен біріктірілді.

1958 ж.

Қазақ тілінде сабақтар жүргізіле бастады.

1963 ж.

Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны ҚР ҰҒА академиктері Б.А. Жұбанов, Е.М. Шайхутдинов, Е.Е. Ерғожин, профессорлар З.С.Нуркеева, Г.А. Мун басқарды. 2011 жылы органикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы кафедрасымен біріктірілді.

1971 ж.

Жалпы химия кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны доценттер Х.Д.Мулдагалиев, У.Ф. Омарова, ҚР ҰҒА академигі Е.А. Мамбетқазиев, проф. А.Г. Сармурзина, доц. Ж.Р. Торегожина басқарды. 2011 жылы бейорганикалық химия кафедрасымен біріктірілді.

1971 ж.

Табиғи қосылыстар химиясы кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны профессорлар Т.К. Чумбалов, М.С. Ержанова меңгерді. 1995 ж. органикалық химия кафедрасымен біріктірілді.

1972 ж.

Коллоидтық химия кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны профессорлар К.Б. Мұсабеков, С.М. Тажибаева басқарды. 2011 жылы аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы кафедрасымен біріктірілді.

1972 ж.

Физика-химиялық зерттеу әдістерінің зертханасы ұйымдастырылды. Зертхананы РТҒА академигі Г.И.Ксандопуло, профессорлар З.А.Мансұров, С.Х.Акназаровбасқарды. Қазіргі меңгерушісі – х.ғ.к. О.Ю. Головченко.

1973 ж. Қарасай батыр көшесінде факультеттің жаңа ғимараты тұрғызылды.

1975 ж.

Алматы қаласында Жалпы және қолданбалы химия бойынша ХI Менделеев съезі өткізілді.

1978 ж.

Факультет 7-рет факультетаралық социалистік жарыста жеңімпаз атанып, ауыспалы Қызыл Тумен марапатталды, және маңгі сақтауға берілді.

1978 ж.

Химиялық кинетика және жану кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны РТҒА академигі Г.И. Ксандопуло, профессорлар Б.Я. Колесников, З.А.Мансұров басқарды. Химиялық физика және материалтану кафедрасының қазіргі меңгерушісі - х.ғ.к. М.И. Тулепов.

1980-1983 жж. Факультет деканыҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожин. Кейін ҚазМУ-дың бірінші проректоры, ректоры болып қызмет етті, оның жетекшілігімен университетте 11 ғылыми-оқу-зерттеу зертханалары ұйымдастырылды, 4 жатақхана тұрғызылып, спорт кешені қолданысқа берілді.

1983-1987, 1995-2000 жж. Факультет деканы – проф. М.Қ. Наурызбаев. Оның жетекшілігімен маман моделі, бакалавр және магистр-химиктердің типтік оқу жоспары мен мемлекеттік стандарттары жасалды. «Химиялық, криминалистік және экологиялық сараптама» мамандығы ашылды.

1987-1995 жж. Факультет деканы – проф. Қ.Б. Мұсабеков. Оның жетекшілігімен 5 жылдық оқудан 4 жылдыққа ауысу басталды. Ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылды.

1988 ж. ӨЖС салааралық ғылыми-техникалық орталық ұйымдастырылды, 1991 жылы Жану проблемалары институтына айналды. Ұйымдастырушысы және алғашқы директоры – РТҒА академигі Г.И.Ксандопуло, директор болып проф. Т.А. Кетегенов, С.Х. Ақназаров қызмет етті. Қазіргі бас директоры - проф. З.А. Мансұров.

1992 ж. Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылды. Ұйымдастырушысы және алғашқы директоры – ҚР ҰҒА академигі Қ.А.Жұбанов. Қазіргі директорлары - проф. С.Н.Калугин.

1995 ж. Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістерінің орталығы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылары және директорлары - проф. М.Қ.Наурызбаев. Проф. Б.Я.Колесников, Г.Д. Зоров, К.С. Баишев болды.

2000-2009 жж. Факультет деканы – проф. Ж.А.Әбілов. Оның жетекшілігімен білім берудің әртүрлі бағыттары бойынша 15-тен аса мемлекеттік стандарттар, көпсатылы білім беру жүйесін қалыптастырудың негізі жасалды.

2005 ж. PhD философия докторларын дайындау басталды.

2009-2010 ж.ж Факультет деканы – проф. М.М.Бүркітбаев. Оның жетекшілігімен факультет ҚазҰУ қалашығындағы жаңа ғимаратқа көшті.

2009 ж.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.А.Назарбаев ҚазҰУ қалашығындағы факультеттің жаңа ғимаратын ашты.

2010 ж.

«Химия» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламалары ASIIN агенттігінде (Германия) аккредитациядан өтті.

2010 ж. Факультет деканы қызметіне х.ғ.д. Е.К.Оңғарбаев тағайындалды.

2011 ж. Химия факультетінің атауы «химия және химиялық технология факультеті» болып өзгертілді, кафедралар 5 кафедраға біріктіріліп, ағылшын тілінде оқытатын топтар ашылды.