Марапаттаулар мен кафедра жетiстiктері

27.04.2019

27 сәуірде Бішкек гуманитарлық университетінде 23-ші Орта Азиялық жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтті. Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 15 адам қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша Қиыр Шығыс кафедрасының 4 курс студенті Базилбек Мәди 5-ші орынды иеленді және БГУ жапон бөлімінің түлектері Ассоциациясының сыйлығына ие болды.

18.04.2019

Халықаралық шешендік өнер сайысын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында жыл сайын өткізу дәстүрі 2011 жылы басталған еді. Сол дәстүрді жалғастыра келе, 2018-2019 оқу жылының 10 сәуір күні Оңтүстік Кореяның Ханъянг және Намсеул университетінің қатысуымен корей тілінен 9-шы халықаралық шешендік өнер сайысы өтті.

Шешендік өнер сайысында жеңіске жеткендер:

1 орын  – Бакумбайқызы Аружан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Шығыстану» мамандығының 2 курс студенті ( тақырыбы « K-Pop»)

2 орын – Тоқтарбекова Анель, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2 курс студенті (тақырыбы «Екіжүзді K-Pop»

3 орын – Алимжанова Ұлжан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті (тақырыбы «Корей фразеологизмдерінің құпиясы»)

4 орын – Серикқан Аружан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті (тақырыбы «Адамзат пен қоршаған орта»).

Сонымен қатар, қазылар алқасының арнайы сыйлығына   әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті Қайырлиева Гүлімбибі (тақырыбы «Корей тілінің мақал-мәтелдері») ие болды.

Профессор Юн Тэ Хун 1-орын алған жеңімпазды Ханъян университетінің магистратура оқуына жолдамамен; 2, 3, 4 орындарға Намсеул университетінде 1 жылдық білім алу жолдамасымен марапаттады.

Кафедра студенттерін жетістіктерімен құттықтаймыз!

02.04.2019

Шығыстану факультетінде «Шығыстану» мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Олимпиада екі тур бойынша ұйымдастырылды. Бірінші турда студенттер жапон тілінде эссе жазып тіл, тарих бойынша тест тапсырмаларын орындады. 18 адамнан 9 адам бірінші турдан сәтті өтіп, олимпиаданың екінші турында қазылар алқасының назарына жапон тілінде Жапон елінің өзекті мәселелері бойынша студенттердің арнайы баяндамалары ұсынылды.

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапон тілі бөлімінің студенттері екі айналымның нәтижесінде келесі жүлделі орындарға қол жеткізді. Бірінші орынды төртінші курс студенті Скатов Алишер иелік етсе, екінші орынды үшінші курс студенті Ғалым Асем және екінші курс студенті Жүніс Фариза жеңіп алды. Ал үшінші орынды төртінші курс студенті Сайдалиева Дилинур, үшінші курс студенті Ыбышева Дина, екінші курс студенті Бітіс Гүлнұр иеленді.

01.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «Шығыстану» мамандығы бойынша студенттердің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Биыл корейтану бөлімі бойынша Республикалық олимпиадаға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 27 студенті қатысты.

Алматы қаласындағы Корея Республикасы Бас консулдығының вице-консулы Ли Джун Хо мен Алматы қаласындағы Корея Республикасы Білім беру орталығы директорының орынбасары Ким Су Ен билік еткен қазылар алқасы олимпиада қатысушыларының жауаптарын мұқият тексеріп, зор ынтамен тыңдап, еңбектерін бағалады. Екі кезеңді қорытындылай келе, олимпиада қатысушыларына 3 жүлделі орын бекітілді. Бірінші жоғары жүлделі орынды өзінің озық білімін көрсеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының 4 курс студенті Айжан Қайырғалиева иеленді. Екінші орынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының 4 курс студенттері Әйгерім Сайлаукенова мен Меруерт Серік ие болса, үшінші орынды 3 студент – Л.Н.Гумилев атындаы ЕҰУ-дың 2 курс студенті Анель Тоқтарбекова мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс студенттері Гауһар Өтеген мен Құндыз Тұрысмағанбетова  бөлісті. Олимпиаданың барлық жеңімпаздары арнайы дипломмен марапатталып, оларға демеушілер тағайындаған ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

 

19.03.2019

Корей тілін білу бойынша тестілеу, сондай-ақ "ҚазҰУ-да Менің студенттік өмірім" тақырыбында эссе жазу үшін шетел оқытушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Алматы Корей ағарту орталығының өкілдері іріктеуден өтті. Әрдайым жеңіске жетіп, ең үздік! Марапатталғандардың ішінде: бас жүлде-Ұлан Роза, 4 курс;

1 орын - Тәжібай Шұғыла 4 курс,

2 орын - Өтеген Гауһар 2 курс,

2 орын - Кайырлиева Гүлімбиби 2 курс,

2 орын - Азаматова Назым 3 курс,

3 орын - Жусупова Сауле 1 курс,

3 орын-Султанова Жасмин 1 курс,

3 орын-Кожахметова Жания 1 курс.

04.03.2019

ҚазҰУ-да дәстүрге айналған Қазақстан бойынша жапон тілінен шешендік өнер сайысы болып өтті.

Сайыста Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаи, Қазақстандағы жапон қауымдастығының төрағасы М. Хиросуке, Қазақстандағы жапон кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы М.Тошиаки және жапон тілі оқытушылары әділ қазылық етті. Байқау нәтижесі бойынша бас жүлде - Жапонияға жолдаманы ҚазҰУ студенті Балтабай Сандуғаш жеңіп алса, 2-ші орынды Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті Сейфуллаев Ернүр, 3-ші орынды тағы да ҚазҰУ тәлімгері Тапенова Гүлден иеленіп, Батырхан Құрмансейіт атындағы арнайы жүлдені Бақыткелді Сәулет жеңіп алды. Сайыс соңында басқа да орындар бойынша анықталған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

19.02.2019

20 ақпанда жапон адам ресурстарын дамыту орталығында жыл сайынғы жапон тіліндегі караоке сайысы өтті. Байқауға жапон тілін оқитын студенттер, сондай-ақ жапон әндерін орындауды ұнататындар қатысты. Барлығы 14 жеке және дуэт өнерлері ұсынылды. ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының бірінші курс студенті Рахманкулов Артур “Dreams come true” тобының «Nando demo» әнін орындады. Ол өзінің тамаша музыкалық қабілетімен көрермендерді таң қалдырды. Артурға құрмет мадақтамасы және естелік сыйлықтар берілді. Жапонтану кафедрасының бірінші курс студенттері өз группаласын қолдауға келді.

Бұл конкурсқа алғаш рет қатысқанына қарамастан, Артур әнді өте жақсы орындап шықты. Ол келесі жылы тыңдаушыларды жаңа әнмен қуантуға уәде берді.

01.02.2019

Қиыр Шығыс кафедрасы жылдағыдай Жапон білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология министрлігінің бағдарламасы бойынша шәкіртақыларға ие болды.

Аталмыш шәкіртақы иегерлері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері, магистранттар мен докторанттары. Бұдан басқа, Халықаралық Жапон Қоры, Накаджима Хэйва қоры және Қазақстандағы Мицубиши Корпорациясымен жасалынған ынтымақтастық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жапонтану бөлімінде оқитын студенттерге бірнеше шәкіртақы ұтып алуға мүмкіндік берді. Шәкіртақылардың жалпы сомасы 83 миллион теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда Қиыр Шығыс кафедрасының шәкіртақы иегерлері анағұрлым көбейіп, жалпы саны екі есеге өсті.

25.11.2018

23-24 қарашада Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде корей тілінен ауқымды xалықаралық олимпиада өткізілді.  Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейдің 15 жоғары оқу орнынан 40 студент қатысты.

Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің студенттері де қатысты. Бұл корей тілі бойынша өткізілген білімділер сайысында біздің кафедрамыздың 4 курс студенті Ұлан Роза 3-ші жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаз сертификатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Қиыр Шығыс кафедрасының жеңімпаз-студенті корей тілі бойынша өз білімінің жоғары деңгейін көрсетіп, біздің университетіміздің үздіктердің қатарында екендігін тағы да бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік – барлық қатысушы-корейтанушыларға жақсы үлгі.

 30.09.2018

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасы қазіргі таңда Жапониядағы танымал, дамыған университеттермен қарым-қатынас жасауда. Оның ішінде: Сайтама университеті, Осака университеті, Васеда университеті, Хоккайдо университеті, Токио шет тілдер университеті, Цукуба университеті. Сонымен қатар ұстаздарымыздың жан-жақты профессионалды түрда дамуына халықаралық қорлар Japan Foundation және Nippon Foundation өз көмектерін тигізуде. Жыл сайын осы университеттермен ынтымақтастық аясында ҚазҰУ-дың студенттері мен оқытушылары жоғарыда аталған университеттерде оқу тәжірибесінен өту мүмкіндігіне ие.

 14.04.2018


Алматыдағы Кореяның ұлттық туристік ұйымының өкілдігі «Біздің Оңтүстік Кореяға тамаша сапарымыздың жоспары» байқауын жариялады. Конкурстың мақсаты – Кореяға тамаша саяхаттың жоспарын құрастыру.

Қиыр Шығыс кафедрасы Корейтану бөлімінің 3-курс студенттері Ахан Мира мен Улан Роза іріктеу айналымынан өтті. Конкурстың финалы 2018 жылдың 14 сәуірінде Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтында (КИМЭП) өткізілді. Онда олар Алматы қаласының 10 командасы арасында екінші орынға ие болды. Жұмысты бағалаудың негізгі критерийлері идеяның түпнұсқалығы және сценарийдің тұтастығы болды.

24.02.2018

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде жыл сайын өтетін "шет тілдер" мамандыығы бойынша республикалық олипиадада ҚазҰУ-дың студенттері топ жарды.

Атап айтар болсақ,  1-орынды 4 курс студенті Бейсенбай Зере, 2-орынды 3 курс студенті Қанапия Айтолқын, ал 3-орынды 3 курс студенті Умешова Меруерт иеленіп,  арнайы диплом және сыйлықтармен мараппаталды.

Жапон тілі секциясы бойынша Алматыдағы Мицубиши банкі өкілдігінің басшысы Х.Асано, Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығының маманы А.Сегава, жапон тілі маманы Ю.Сегава, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жапон тілі оқытушылары М.Шадаева, С.Боранқұловалар төрелік етті.

24.02.2018

Олимпиада нәтижелері бойынша Шығыстану факультетінің студенттері жүлделі орынға ие болды: «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша Жумагалиева Айдана 2 орын, «Аударма ісі» Улан Роза – 2 орын, Дуйсенбек Айнур – 3 орын. «Шетел тілі» категориясында Турарбек Алия 2 орын.Жеңімпаздар сертификаттармен және ақшалай эквивалентте сыйлықтармен марапатталды. Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері кезекті рет корейтану саласында жоғары білім сапасын көрсетіп, Ұлттық Университеттің намысын қорғады. Бұл олимпиадаға қатысқан корейтанушылардың барлығына үлгі болды.

 

 

 

 

29.01.2018

2018 жылы 29 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің магистрант және докторанттарын шәкіртақымен марапаттаудың кезекті рәсімі өтті. Корей қоры ұзақ уақыттан бері біздің университетіміздің серіктесі болып табылатының айта кету керек. Кафедра мен факультетіміз 20 жылдан бері шетелдік профессорларды шақыру, ғылыми конференцияларды өткізуге қолдау көрсету, ғылыми тағылымдамалар мен оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру бағыттары бойынша белсенді түрде Қормен ынтымақтастығын нығайтуда. 2017-18 жылы тамызда Корей Қору мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасынла қол қойылған келісімшартқа сәйкес үш магистрант 4 мың АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы алды, екі докторант – корейтану саласында келешек зерттеулер жүргізу үшін 7 мың АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы алды. Екі магистрант қос диплом бағдарламасы бойынша Кореяда оқытылатын болады. Осылайша шәкіратқы осы бағдарламаның орындалуына жұмсалатын болады. Біздің шәкіртақы алған студенттерді құттықтап, оларға өз білімінде және болашағында сенімді жоғары білікті маман болуды тілейміз.

 

 

04.11.2017

Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері Корея жайлы «Golden bell» атты викторинасында тағы да үздік болып шықты. 2017 жылғы 2-4 қараша аралығында Корея Республикасының Бас Консулдығы Халықаралық фестиваль аясында Кореяның білім беру орталығында Корея жайында үлкен викторина ұйымдастырды, оған Қазақстанның 100-ден астам студенті қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан 10 студент, оның ішінде бірінші курс студенттері де болды. ҚазҰУ-дың студенттері бес жүлделі орынның үш орнына ие болды. Корея тарихы, экономикасы, әдебиеті, мәдениеті және тілі бойынша күрделі байқаудың басты жеңімпаздары: Тұрарбек Әлия (4-курс) 1-орын, Жаңабай Гүлназ (3-курс) 3-орын, Каиргалиева Айжан (3-курс) 4-орынды иеленді. Жеңімпаздар сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері корей тілі, тарихы мен мәдениеті бойынша жоғары деңгейлі білімдерін көрсетіп, al-Farabi Smart University беделін қорғап қалды.

 

 

 

17.01.2017

   Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің магистранттары мен докторанттарына Корей қоры атынан шәкіртақы табыстау рәсімі өтті.

    Марапаттау рәсімінде шығыстану факультетінің ғылыми-инновациялық қызметі және халықаралық байланыстар жөніндегі деканының орынбасары Құдайбергенова Рената құттықтау сөз сөйледі.   Корейтану саласындағы үздік жетістіктері мен келешекте ғылыми зерттеулер жүргізуі үшін Корей қорының профессоры Ли Бенг Чжо Қиыр Шығыс кафедрасының магистранттары мен докторанттарын марапаттап, жалпы 7 млн. 260 мың теңге көлемінде шәкіртақы ұсынды.   Айта кету керек, Корей қоры ұзақ уақыттан бері ҚазҰУ-дың сенімді серіктесі болып табылады. 20 жыл аралығында кафедра мен факультет шетелдік профессорларды шақыру, ғылыми конференцияларды өткізуге қолдау көрсету, ғылыми тағылымдамалар мен оқытушы-профессорлық құрамның біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру бағыттары бойынша Қормен белсенді түрде ынтымақтастық орнатып келеді.Шәкіртақы иегерлерін құттықтап, өз білімі мен болашағына сенімді білікті маман болуларын тілейміз.

 

 

12.12.2016

Желтоқсан айының бірінші жұлдызында Алматы қаласының корей шағын және орта бизнес бірлестігінің Қазақ Ұлттық Университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының үздік студенттеріне шәкіратқы беру рәсімі өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты корей тіліне деген студенттердің қызығушыдығынг арттыру, ҚазҰУ мен Алматы қаласының Оңтүстік Корея кәсіпкеолері арасындағы байланысты одан әрі дамытып, жетілдендіру болып табылады. Бұл шара Қиыр Шығыс кафедрасы мен Алматы қаласының корей кәсіркерлерімен байданысты нығайту бағытындағы алғашқы шара. Сонымен қатар бұл шара жыл сайын өтіп отырмақ. Профессорлардың ойынша студенттер бітіргеннен кейін оларға жұмысқа орналасуға мүмкіншіліктері көбейеді. Студенттерімізді шәкіратқы алумен құттықтап, жетістіктерге жете берулерін тілейміз.

 

30.11.2016

Аталмыш шәкіртақы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті мен «Шинхан банк Қазақстан» АҚ арасында білім, ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытып, студенттердің кореи тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында тағайындалған. Банк тарапынан берілген шәкіртақы сабақ үлгерімінен жоғары GPA көрсеткіштері бар белсенді студенттер ие болды.

 «Шинхан банк Қазақстан» АҚ өкілі стипендия иегерлеріне банкте арнайы есеп-шот ашылғанын жариялады. ҚазҰУ басшылығы корейтану бөлімінің үздік студенттерін қолдап, университетке қосып отырған үлестері үшін  банк басқармасының төрағасы Чой Мёнг Кюдың атына алғыс хатын тапсырды.

18.10.2016

Оңтүстік Кореяда шетелдік студенттер арасында өткен 12- ші эссе және шешендік өнер бәйгесінде Жанаділ Талдыбай үздік нәтиже көрсетті. Халықаралық өнер сайысына Малайзия, Болгария, Ресей, АҚШ, Украина, Индонезия, Монғолия, Қытай, Жапония, Монакко және Руанды өкілдері қатысты.

Халықаралық бәйгеде үздік деп танылған Жанаділ 1000 АҚШ доллар мөлшеріндегі сыйақымен марапатталды.

   Бұл конкурс Корей Республиканың спорт және туризм министрлігінің қолдауымен Ханнам университетінде өткізілді. Шараның негізгі мақсаты - шетелдік студенттер арасында корей тілін меңгеруге ынталандыру және әлем университеттерімен ғылыми және білім қатынастарын орнатып, ынтымақтастықтың түрлерін кеңейту.

2015-2016

Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлары мен оқытушылары кәсіби және әлеуметтік іс-шаралар саласындағы жетістіктері үшін "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80-жылдығы" мерейтойлық медалімен марапатталды.

1. Мен Д.В.

2. Ашинова Ж.Е.

3. Балакаева Л.Т.

4. Оразбекова Г.Р.

5. Ташкенбаева Б.Ж.

6. Шадаева М.Т.

7. Малгаждарова А.М.

8.Боранкулова С.К.

9. Карипова Г.Р.

05.03.2015

2015 жылдың 5-наурызында Сеулде кезекті 18-іKBS Мемлекеттік теле-радио компаниясыныңжүлдесімен марапаттау рәсімі өтті. Бұл жүлде 1993 жылы құрылған жәнеәртүрлі қызмет саласында елеулі жетістікке жеткен шетелдегі отантастарға беріледі.

Осы шара барысында бес жүлденің біреуінтарихшы, профессор Ким Герман иеленді.Ол гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында сіңірген еңбегі үшінжоғары марапатқа лайықты.

Ким Г.Н.

2015-2016

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Халықаралық Корейтану орталығының директоры т.ғ.д., профессор Г.Н. Ким ұлттық аралық бірлік пен өзара түсіністік ісіне қосқан үлесі үшін Қазақстан халықтары ассамблеясының «Бірлік» алтын медалмен марапатталды.

Даутов Б.

09.11.2013

2013ж. 7-9 қараша аралығында Алматы қаласында халықаралық құтқарушылар мен өрт сөндірушілер федерациясының XIV халықаралық конференциясы болып өтті. Бұл конференцияға корейтану және жапонтану кафедрасының 3 курс студенті Даутов Бауржан корей делегациясының, соның ішінде Корей спорт федерациясы президентінің, Қазақстан ТЖМ министрі В.К. Божконың жанындағы аудармашысы ретінде қатысты. Өзінің жақсы атқарған қызметі үшін Даутов Бауржан Корей өрт сөндірушілер және құтқарушылар федерациясының арнайы төсбелгісімен марапатталды.