Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

Жетістіктер
Сипаттамасы

 

14 сәуір күні сағат 10: 00-ден 12: 00-де қытай тілі бойынша «Қытай тілі көпірі» сайысы Алматы жоғары оқу орындары арасында өткізілді. Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының келесі студенттері жеңімпаз атанды:

1 орын - Онланова Жанель (2 курс)

3 орын - Умурзакова Ляззат, Бурхан Баян, Азбаева Арай (4 курс)

Конкурста бірінші орынды жеңіп алған Онланова Жанел Қытайдағы кез-келген университетте бір жылдық стипендия ұтып алды.

11-12 сәуір күндері Шығыстану факультетінде «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияға бакалавриат, магистратура студенттері және докторанттар қатысты.
Конференцияның ашылуы 11 сәуірде сағат 10: 00-де өтті, 5 секция бойынша жұмыс 10: 30-дан 18: 00-ге дейін өткізілді.

Бөлімдер тақырыптары:

I секция. Шығыс елдерінің тарихы, экономикасы және саясаты

II секция. Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері

III секция. Әдебиеттану дискурсындағы Шығыс елдерінің әдебиеті және аударма мәселелері

IV секция. Шығыс қоғамы, мәдениеті, діні

V секция. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Шығыс елдері.

12 сәуір күні Студенттер сарайында. Ө.Жолдасбеков конференцияның жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізді.
Қытайтану кафедрасының студенттері келесі орындарға ие болды:

2 орын:
Бақтыбекова Малика (1 секция)
Тоқтар Балжан (2 секция)

3 орын:
Beisen Adeline (1 секция)
Умурзакова Ляззат (2 секция)
Урумбаев Эскбол (5 секция)

 
ҚР
жоғары оқу орындары арасында өткен «Шығыстану» мамандығы бойынша жыл сайынғы республикалық олимпиадада келесі студенттер жеңімпаз атанды:

I орын Мурзагельдина Лаура.

ІІ орын Араппаева Айжан, Бейсен Аделина.

ІІІ орын Естакова Диана, Караева Дильназ, Темирxанова Айгерим.

Олимпиаданы қортындылау кешінде жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Жарысқа демеушілік көрсеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты бағалы сыйлықтар тапсырды. Бұдан тыс, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы үш жеңімпазға Қытайда білім алу грантын бөлді.

Қытай тілі сөйлеу клубы ашылды

Әр бейсенбі сайын сағат 19: 30-да
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы
Қарасай батыр 95, 4 қабат, 414 аудитория
Барлық келушілерді клубқа шақырамыз!

 

 

"Жібек жолының сарқылмас қазынасы" атты Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Қытай жайлы зияткерлік сайысында "Аударма ісі" мамандығының 4 курс студенттері Бурхан Баян 2 орын, Азбаева Арай 3 орын алды.



«Аударма ісі» мамандығының 4 курс студенті Шаяхметова Дана «Менің Қытайым» атты фотобайқаудың жүлдегері атанып, екінші орынды иеленді.


Http://kitap.kz/ сайтында қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Нұрхалық А. еңбектері жарияланды.

Кітаптардың мазмұнымен
(аннотациясымен), сондай-ақ кітаптардың толық мәтінімен онлайн танысуға болады.

Жарияланған еңбектердің ішінде - аға оқытушы Абдурақын Нұрхалықтың сөздіктер, оқу-әдістемелік құралдары, сондай-ақ көркем туындылары бар.

 

Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80-жылдығына арналған мерейтойлық медалімен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін қытайтану кафедрасының ОПҚ-ның мүшелері марапатталады

Дәулет Фатима."Шығыс мәдениеті фестивалін" ұйымдастыру және оған қатысу үшін Алғыс хат.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Шығыс Мұражайы және қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен өткізген Шығыс мәдениеті фестивалі.

Зейнолла Жанат."Шығыс мәдениеті фестивалін" ұйымдастыру және оған қатысу үшін Алғыс хат.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Шығыс Мұражайы және қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен өткізген Шығыс мәдениеті фестивалі.
Шаріпқазы Нуртәліп."Шығыс мәдениеті фестивалін" ұйымдастыру және оған қатысу үшін Алғыс хат.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Шығыс Мұражайы және қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен өткізген Шығыс мәдениеті фестивалі.
Қытайтану кафедрасы имиджді дамытуға қосқан үлесі үшін "Үздік кафедра" наминациясын жеңіп алды.