VI Халықаралық Фараби оқулары

28.03.2019

Көрулер: 1232

2019 жылы 2-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VI халықаралық Фараби оқулары өтеді. Алдыңғы қатарлы қазақстандық университетте жыл сайын ауқымды іс-шара өткізу жақсы дәстүрге айналды. Алты жыл ішінде Фараби оқулары ғылыми қоғамдастық пен әлемдік жоғары оқу орындары арасында танымал болып, халықаралық деңгейде аса белгілі болды.

ҚазҰУ-дың 85-жылдығында Фараби оқулары аясында өткізілетін ғылыми халықаралық ауқымды шаралар қоғам, мемлекет және тұлғаны дамыту жаһандық мәселелерін шешуде шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш жігерін жұмылдыруға бағытталған.

Олардың жұмысына шетелдік және отандық ғалымдар мен таяу және алыс елдердің сарапшылары, ҚР СІМ және дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысады.

Бағдарламада:

2-3 сәуір – «Әл-Фараби және қазіргі заман» VІ халықаралық форумы»;

4-6 сәуір – Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Ботай мәдениеті халықаралық зерттеулерінің және басқа да Орталық Азия энеолиттік ескерткіштерінің нәтижесі»;

9-10 сәуір – «Мультиполярлық әлемдегі Қазақстан: экономикалық сценарийлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция»;

8-10 сәуір – «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы»;

12 сәуір - VI Халықаралық Фараби оқуларының салтанатты жабылу рәсімі.

Өткізілетін күні, орны, уақыты: Алматы қ-сы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасы, ашылуы 2 сәуір сағат 10:00.

Байланыстар үшін: Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент, тел.: 8 (727) 377-33-33, ішкі:11-62, 16-62.

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

www.kaznu.kz