Оқу ақысы

2020-2021 оқу жылына студенттерге арналған ақпарат

Оқу төлемақысын төлеу тәртібі:

  • Тиісті мемлекеттік стандарт шеңберінде көрсетілетін білім беру қызметі үшін төлем жасау валютасы теңгемен бекітіледі.
  • Білім алушы ҚазҰУ-ға мамандықтарды даярлау бойынша оқу ақысын Келісім-шартқа сәйкес төлеуге міндетті.
  • Оқу ақысы семестрде кезең бойынша төленеді (1 қыркүйекке дейін - 50 %; 15 ақпанға дейін қалған сомасын төлеу керек) немесе толықтай оқу жылына (1 қыркүйекке дейін). Бітіруші курстар оқу ақысын 1 желтоқсанға дейін төлеуі тиіс.
  • Оқу ақысының сомасы өзгерген жағдайда Келісім-шартқа қосымша келісім жасалады. Еңбек ақысы мен инфляция индексі шығыны өскен жағдайда, оқу ақысының өсімі көтерілмейді.
  • §  Тек екінші деңгейдегі банк арқылы университет есеп шотына оқу ақысының төлемін аудару жүзеге асырылады. Білім алушының аты-жөні, ЖСН, оқу түрі, факультет және курс көрсетілуі тиіс.
  • Басқа ЖОО-дан ауысып келген студенттер ҚазҰУ ректорының оқуға қабылдану туралы бұйрығы шыққанға дейін оқу ақысын төлеуі тиіс.
  • Оқу ақысын төлеу кезінде ҚазҰУ-да бекітілген жүйе бойынша білім алушыларға жеңілдіктер беріледі   http://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder17487/%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5.pdf - Жеңілдіктер
  • Келісім-шарттағы оқу ақысы бойынша көрсетілген міндеттемелер Білім алушының оқудан шығу туралы бұйрығы шыққанша сақталады.
  • Білім алушы оқудан шығып кетіп, Келісім-шарт бұзылып, кейінірек Білім алушы оқуға қайта қабылданса, оқу жылының ақысын ағымдағы жылы бекітілген баға бойынша төлейді.
  • Егер білім алушы ішкі тәртіп Ережелерін, ҚазҰУ жарғысын, оқу жоспарын, студенттер үйінде тұру Ережелерін бұзып, адамгершілікке жат қылық көрсеткені үшін оқудан шығарылса, ағымдағы жылға оқу ақысы бойынша жасалған төлем қайтарылмайды.

Академиялық қарыздарды жою мақсатында курсты қайталап оқу немесе сабақтарға қайта қатысу ақылы түрде орындалады

  • Тіркелу АЖ «Универ» арқылы орындалады
  • Тек екінші деңгейдегі банк арқылы университет есеп шотына оқу ақысының төлемін аудару жүзеге асырылады. Білім алушының аты-жөні, ЖСН, оқу түрі, факультет және курс және міндетті түрде «қайталап оқу үшін» белгісі көрсетілуі тиіс.

Қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін реквизиттер

«әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам

Орналасқан жері: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

БСН 990 140 001 154

Кбе 16

АҚ "АТФ Банк"

ЖСК   KZ67826A1KZTD2020693 

БСК  ALMNKZKA

Терминалдарда Жеке Касса 24 қызметі арқылы ҚазҰУ қызметтерін төлеу қолжетімді

http://keremet.kaznu.kz/content/files/pages/folder14776/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F.PDF