Қашықтықтан білім беру

Құрметті оқытушылар және білім алушылар!

 

2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі 25 қаңтардан басталады. 1-курс бакалавриат және магистратураның оқу үдерісі аралас оқыту форматында (дәрістер – онлайн, қолданбалы сипаттағы зертханалық және семинарлар, практикалық сабақтар санитарлық режиммен әлеуметтік арақашықтықты ескере отырып, күндізгі оқыту форматында) жүргізіледі. Оқу практикасы онлайн форматында, өндірістік және ғылыми-зерттеу практикалары практика базасының талаптарына сай жүзеге асырылады. Шетелдік білім алушылар онлайн форматында білім алады.

 

«Қашықтықтан оқыту нұсқаулары» бөлімінде қашықтықтан оқыту және Moodle, Универ платформаларын қолдану бойынша нұсқау ала аласыздар. (https://www.kaznu.kz/kz/21387/page/)

 

Универ жүйесіне кіру үшін https://univer.kaznu.kz/user/getLogin/ парақшасына кіріңіз. «Универ» жүйесі жұмысы жайында "Қашықтықтан оқып үйрен!" курсы көре аласыздар (рус, каз,  eng).

 

Оқу үдерісі бойынша куратор-эдвайзерлер немесе қашықтықтан оқыту үйлестірушілерімен кеңесіге болады:

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЖЕДЕЛ ЖЕЛІСІ. 2020-2021 оқу жылы.

☎⛑ (қаз) (орыс) (ағыл)

 

Студенттік үйлердің жұмысы туралы:

Студенттік қалашық дирекциясы нөмірі бойынша: +7 (727) 377 33 33, іш. 1912, 1413.