ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ - ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ ҮШІН!
11.11.2020Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдерімен студенттер мен оқытушылардың онлайн-кездесуі өтті. Парасаттылық қағидаттарын талқылауға және жастарды теріс пиғылды практикаға төзбеушілік рухында тәрбиелеуге арналған кездесу Zoom, Jynalis room платформаларында және «AlFarabiTV» YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.