Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті студенті туралы ереже

25.05.2020

Көрулер: 578

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенті туралы ереже

 1. СТУДЕНТ МӘРТЕБЕСІ 

1.1 ҚазҰУ студенті жоғары кәсіби білім (бакалавриат) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім (магистратура, PhD докторантура) бағдарламалары бойынша жоғары деңгейде оқып жатқан тұлға болып табылады.

1.2 ҚазҰУ студенті:

- ел жетістігін өз жетістігі деп білетін патриот;

- жан-жақты даму мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылған білімді жас;

- рухани-адамгершілік даму деңгейі биік, заңға бағынатын тұлға;

- басқа елдердің мәдениеті мен дәстүрін сыйлайтын, төзімді жан.

 

2. СТУДЕНТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

ҚазҰУ студенттерінің мынадай міндеттері бар:

2.1 ҚазҰУ Жарғысының, ҚазҰУ студент­терінің Ар-намыс кодексінің, Ішкі тәртіп ережелерінің, жатақхана ережелерінің және университеттің басқа да нормативті актілері­нің талаптарын орындау, академиялық адалдықты қадағалау

2.2 Университеттің білім беру бағдар­ламаларының талаптарын орындап, оларды жоғары кәсіби деңгейде игеру.

2.3 Ғылыми-зерттеу және мәдени-қоғам­дық салаларға белсенді араласуға міндетті.

2.4 Өз тәжірибесін кейінгі курс студент­теріне жеткізуге көңіл бөлуге, университеттік қоғамдастықтың корпоративтік мәдениетін нығайтып, дамытуға міндетті.

2.5 Оқу барысында сырт келбетіне қойы­ла­тын талаптарды орындау.

2.6 Университет басшылығымен, оқыту­шы­лармен қарым-қатынас жасағанда субор­динацияны сақтауға міндетті.

2.7  Құрал-жабдықтарды, оқытуға қатысты техникалық құралдарды және басқа да мүлікті ұқыпты ұстауға, университет аумағында және мекеме аумағында тазалық пен тәртіп сақтауға міндетті.

2.8 Университеттегі тұрақтылық пен тәртіпке қауіп төндіретін жағдайлар туралы ақпараты болса әкімдікке хабарлауға мін­детті.

2.9 Қызметтің барлық саласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінің студенті деген биік атаққа лайық болу.

 

 

 

3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ

ҚазҰУ студенттерінің мынадай құқықтары бар:

3.1 Білім беру стандарттарына сай жоғары және ЖОО-дан кейінгі кәсіби білімді, ғылымның, техника мен мәдениеттің озық деңгейіне барабар білімді алу.

3.2 Жеке оқу траекториясын қалыптас­тыруға араласу.

3.3 Белгіленген тәртіппен университеттің оқу-материалдық қорын, әлеуметтік құрылым нысандары мен ақпараттық қорын пайдалану.

3.4 Қосымша (оның ішінде ақылы) білім беру қызметтерін пайдалану.

3.5 Университет қызметіне қатысты ең маңызды мәселелерді талқылауға және ше­шуге қоғамдық ұйымдар мен университеттің басқару органдары арқылы қатысу.

3.6 Ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конфе­рен­цияларға, симпозиумдарға қатысу, өз еңбектерін, оның ішінде университет басы­лым­дарында жариялауға ұсыну.

3.7 Мәдени-бұқаралық, спорттық-сауық­тыру, т.б. шараларды өткізуге және ұйымдастыруға қатысу.

 3.8 Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған жастардың қоғамдық ұйымдарын құрып, олардың қызметіне қатысу.

3.9 Университет жатақханасынан орын болған жағдайда орын алу.

 

 

 

4. ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ТӘРТІПТІК ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

4.1 Білім беру бағдарламаларын игерудегі жетістіктері мен мәдени-көпшілік, ғылыми, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға белсенді араласқаны үшін студенттерге моральдық және материалдық ынталан­дырудың әртүрлі формалары бекітілген.

4.2 ҚазҰУ Жарғысында, ҚазҰУ студент­терінің Ар-намыс кодексінде көрсетілген ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін студенттерге тәртіптік ықпал шаралары (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, университеттен шығару) қолда­нылады.