Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы туралы ереже

10.06.2020

Көрулер: 552

1. ОҚЫТУШЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ

1.1   Әдетте оқыту үдерісіне инновациялық тәсілдерді үнемі енгізетін, ғылыми зерттеу­лермен белсенді айналысатын, мемлекеттік және шет тілдерін білетін, ғылыми және академиялық дәрежелері бар (магистрлік дәрежеден төмен емес) жоғары білікті мамандар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары бола алады.

1.2   ҚазҰУ оқытушысының мәртебесі жинақтық тенюр жүйесі негізінде анықталады, оның негізгі талаптары мынадай: 

-     оқытудың және ғылыми зерттеулердің жоғары сапасы, бітіру жұмыстарына, магистрлік және PhD диссертацияларына ғылыми жетекшілік ету; 

-     республикалық және халықаралық дәрежедегі ғылыми журналдарда үнемі жариялану; 

-     іргелі, ғылыми-зерттеу, қолданбалы және басқа да жобалар мен гранттарды орындауға қатысу. 

1.3   Университеттің оқытушысы – ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің Корпо­ративті мәдениет кодексін бұлжытпай орын­дайтын, университеттің миссиясын, саясатын, стратегиясын, мақсаттары мен міндеттерін қолдайтын әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпқой маман.

 

 

2. ҚазҰУ ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ

ҚАСИЕТТЕРІ

 

2.1 ҚазҰУ оқытушысы:

- Қазақ елінің және өзінің университетінің патриоты;

- өзінің қызметтік міндеттерін шығарма­шылықпен әрі адал орындайтын, кәсіби деңгейі озық тұлға;

- университетте моральдық ахуалды жас­ап, командалық, серіктестік рухты қолдайды.

 

2.2 ҚазҰУ оқытушысына тән қасиеттер:

- адалдық, зиялылық пен төзімділік;

- ҒЗЖ нәтижелерін жүзеге асырудағы биік ғылыми біліктілігі мен табандылығы;

- биік ұстаздық шеберлік;

- үнемі өзінің ғылыми әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін дамытуға деген ұмтылыс;

- салауатты өмір салты;

- объективтілік, дербес әрекетшілдік және мақсаттылық, өзара сынды қабылдау.

 

 

 

3. ОҚЫТУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

3.1 Университеттің Жарғысы, Корпора­тивті мәдениет кодексі, ішкі тәртіп ережелері және басқа да нормативтік актілердің талап­тарын орындау, міндеттелген академиялық адалдықты бақылау және кез келген тәжірибелік формадағы қателіктерді болдырмау

3.2 Оқу және ғылыми-инновациялық үдерістерінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету.

3.3 Студенттердің бойында таңдап алған мамандығы бойынша жоғарғы кәсіби қасиет­терді, азаматтық көзқарасты, қазіргі өркениет жағдайында еңбек етіп, өмір сүруге қабі­леттілігін қалыптастыру. Студенттердің бойында дербес әрекетшілдік, бастама­шылдық, жасампаздық қасиеттерін дамытуға міндетті.

3.4 Өзінің кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру.

3.5 Авторлық бағдарламалар, әдістемелер, оқу құралдарын жасау, оқытудың иннова­циялық технологияларын қолдану.

3.6 Шетелдік әріптестермен ғылыми қарым-қатынастарды дамытып, озық шетелдік тәжірибені барынша зерттеп, қолдану.

3.7 Университет аумағындағы тәртіпті сақтау, ҚазҰУ мүлкін дұрыс пайдалану.

3.8 Елімізде және шетелде ҚазҰУ-дың жағымды имиджінің жасалуына үлес қосу.

3.9 Университеттің зияткерлік меншігіне қатысты ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету.

3.10 Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сту­дент­терді, магистранттарды және докто­рант­тарды тарту.

3.11 Кәсіптік бағдар жұмысына және студенттер контингентін қалыптастыруға белсенді араласу.

3.12 Университеттің оқу-тәрбие жұмыс­тарына белсенді қатысу.

3.13 Ғылыми-педагогикалық қызметі бой­ынша есеп беру талабын дер кезінде орын­дауы тиіс.

 

  1.  ОҚЫТУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ 

 

4.1 ҚазҰУ оқытушысы:

      4.1       Университеттің және оның құр­ылым­дық бөлімдерінің өкілдік басқару органдарын, сондай-ақ ҚазҰУ-дың қоғамдық ұйым­дарының құрамын сайлауға және сайлануға құқылы.

      4.2       Оқытудың ғылыми және жаңа технологиялардың қазіргі даму деңгейіне барабар білім беру мазмұнын қалыптастыруға құқылы.

      4.3       Оқу-материалдық, әлеуметтік құры­лым нысандарын, университеттің кітапхана­лық-ақпараттық қорын пайдалануға құқылы.

      4.4       Университет дамуының өзекті мәсе­ле­лерін шешуге қатысуға құқылы.

      4.5       Адал еңбегі үшін материалдық және моральдық ынталандыруға, мемлекеттік наг­ра­даларға ұсынылуға және ҚазҰУ-дың бекітілген наградаларын алуға құқылы.

      4.6       Кәсіби ассоциациялар мен қоғамдас­тықтарға қатысуға құқылы.

 

 

  1.  ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ТӘРТІПТІК
    ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

 

5.1 Белсенді ғылыми-зерттеу және оқыту қызметі үшін, қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін моральдық және материалдық ынталан­дырудың әртүрлі формалары бекітілген.

5.2 Оқытушылардың этикалық тәртіп бұзушылықтары Университеттің Тәртіптік кеңесінде және факультеттердегі Этика жөніндегі комиссияда талқыланады.

5.3 ҚазҰУ-дың Жарғысында, ҚазҰУ оқытушысының этика кодексінде көрсетілген ережелерді бұзғаны үшін тәртіптік ықпал шаралары (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару) қолданылады.